Huawei Partners Conference 2025: Қазақстандағы цифрландыру мен өсудің жаңа көкжиектері
2025 жылдың 28 сәуірінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы жыл сайынғы Huawei Partners Conference 2025 іс-шарасын сәтті өткізді. Бұл конференция Орталық Азиядағы серіктестер желісін дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Алматы қаласында Huawei компаниясының 150-ден астам жаңа және ондаған белсенді серіктестері жиналып, заманауи технологиялық шешімдерді, цифрландыру стратегияларын және болашақ жоспарларды талқылады.

Іс-шараны Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Бас директоры ашты. Ол өткен жылы серіктестер санының 230%-ға артқанын ерекше атап өтті. Өз сөзінде ол бірлескен маркетингтік бастамалардың, оқыту бағдарламаларының маңыздылығына және жергілікті компаниялармен ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар, 2024 жылы Huawei әртүрлі елдерде серіктестер үшін 80-нен астам тренингтер мен іс-шаралар ұйымдастырғанын айтты. Бұл бастамалар серіктестердің цифрлық технологиялар мен коммерциялық даму саласындағы құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.
Корпоративтік бизнес бойынша ME&CA Huawei вице-президенті Тейлор Чжоу (Taylar Zhou) серіктестік желісін дамытудың болашақтағы бағыттарын ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан компанияның аймақтық нәтижесіне үлес қосқан жетекші бес елдің қатарына енген. Алдағы уақытта шағын және орта бизнесті қолдауға, индустриялық шешімдерді дамытуға және жоғары құнды салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар компания аймақтағы жергілікті кеңселерді нығайтып, серіктестер үшін арнайы бағдарламаларға қолжетімділікті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл бағдарламалар жаңа ІТ-өнімдер мен бұлтты шешімдер бойынша тренингтерді қамтиды.
Huawei Қазақстандағы мемлекеттік және корпоративтік бизнес бөлімшесінің бас директоры Чу Лей (Qu Lei) компанияның корпоративтік сегменттегі өсімі туралы баяндады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда орташа жылдық өсім 55%-ды құрады. Негізгі бағыттар ретінде бұлтты шешімдерді дамыту, жасанды интеллект (AI) үшін инфрақұрылым құру және көлік, энергетика мен қаржы салаларындағы позицияларды нығайту белгіленген.
Конференция барысында Marvel Қазақстандағы Huawei бизнесті дамыту департаментінің басшысы Дәурен Лұқпанов та өз пікірімен бөлісті. Ол жоғары сапалы және қолжетімді өнімдерді, сондай-ақ заманауи, күрделі және ауқымды технологиялық шешімдерді - құрылғыларды, құралдарды және жабдықтарды шығаратын Huawei заңды түрде әлемдік көшбасшы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай технологиялар Қазақстанда цифрландыру процестері белсенді дамып жатқан бүгінгі күні ерекше сұранысқа ие. Заман ағымына ілесу үшін озық шешімдерді енгізу қажет, бұл ретте Huawei өнімдері басты рөл атқарады.
Huawei Қазақстан темір жолы үшін алғашқы ірі бұлтты жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба экономика салаларына бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектті интеграциялаудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Huawei Kazakhstan компаниясының мемлекеттік сектор мен корпоративтік клиенттерге арналған шешімдер бойынша директоры Паша Чжоу (Zhou Wenxiang) Huawei компаниясының технологиялық көшбасшылығына ерекше назар аударды. Ол компанияның жыл сайын зерттеулер мен әзірлемелерге 20 миллиард доллардан астам инвестиция салатынын және цифрландыру жобаларын мен жасанды интеллектіні дамытуға қолдау көрсететін желілер, деректерді сақтау жүйелері мен есептеу қуаттары салаларындағы инновациялық шешімдері туралы айтып өтті.
Huawei компаниясы Wi-Fi 7 технологиясын белсенді дамытып жатқанын және мемлекеттік инфрақұрылым деңгейінде машиналық оқыту мен үлкен деректермен жұмыс істеуді қолдай алатын ұлттық деректер орталықтарын құруға арналған шешімдер ұсынатынын ерекше атап өтті.
Конференция барысында серіктестермен қарым-қатынастағы адалдық пен ашықтық саясатына ерекше назар аударылды. Huawei әділетті әрі тұрақты іскерлік ортаны құруға бағытталған күш-жігерін де атап көрсетті.
Компания 2025 жылы коммерциялық бизнестің ауқымын кеңейтуге, серіктестерді оқытуға салынатын инвестицияларды арттыруға және елдің инфрақұрылымдық жобаларына озық технологияларды енгізуді жалғастыруды жоспарлап отырғанын растады.