Huawei және IEEE UAE бөлімі сымсыз байланыс болашағын қалыптастыру мақсатында инновациялық Wi-Fi 7 бағдарламасын іске қосты
- «Imagine Wi-Fi 7 to Reality» бағдарламасы технологиялық экожүйенің әртүрлі сегменттеріне бағытталған байқауларды қамтиды.
2025 жылғы 23 қаңтарда Huawei және Электр техникасы инженерлері және электроника институтының (IEEE) БАӘ бөлімі сымсыз технологиялар саласындағы инновацияларды ілгерілету мақсатында «Imagine Wi-Fi 7 to Reality» бағдарламасын таныстырды. Бұл стратегиялық бастама 2025 жылғы 20 қаңтар мен 20 сәуір аралығында өтеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Wi-Fi 7 сценарийлеріне негізделген жаңа талаптарды зерттеу, байланыс саласында жоғары білікті мамандарды даярлау және Таяу Шығыс пен Орталық Азия (ME&CA) өңіріндегі салалардың интеллектуалды трансформациясын жеделдету.

Бағдарлама сымсыз технологиялардың эволюциясында шешуші кезеңде іске қосылды, өйткені Wi-Fi 7 жылдамдық, сенімділік және пайдаланудың ыңғайлылығы жағынан бұрын-соңды болмаған серпіліс уәде етеді.
Wi-Fi 7 деректерді беру жылдамдығы алдыңғы буынмен салыстырғанда шамамен үш есе жоғары болғандықтан, 8K бейне ағынынан бастап, виртуалды шындыққа ену мен маңызды корпоративтік қосымшаларды енгізуге дейінгі барлық саланы түбегейлі өзгертуге қабілетті.
Бағдарламаның Дубайда өткен ашылу рәсіміне Huawei басшылары, Дубай университетінің негізгі өкілдері, Инженер-электриктер және электроника институтының (IEEE) БАӘ бөлімі және салалық серіктестер қатысты.
Өзінің алғы сөзінде Дубай университетінің президенті және IEEE құрметті төрағасы, доктор Иза Бастаки өткен бағдарламаның жетістіктерін жоғары бағалады:
«Өткен жылы «Imagine Wi-Fi 7» бағдарламасының нәтижелері таңғаларлық болды. Wi-Fi 7 стандарты бүкіл салада терең пікірталастар мен идеялар алмасуды ынталандырды. Алдағы маусымда біз одан да жан-жақты және мазмұнды талқылауларды асыға күтеміз».
Huawei компаниясының БАӘ-дегі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі директоры Абдулазиз Әл-Нуайми өз сөзінде Huawei, Электр техникасы инженерлері және электроника институтының (IEEE) БАӘ бөлімі мен Дубай университеті арасындағы табысты серіктестік туралы айтты.
Ол жаңа маусымның саланы дамытуға, пайдаланушы тәжірибесі мен деректер қауіпсіздігін жан-жақты талдауға бағытталғанын ерекше атап өтті: «IEEE және Дубай университетімен көпжылдық ынтымақтастығымыз АКТ саласындағы таланттарды дамыту мен инновацияларды ілгерілетуде айтарлықтай нәтижелер әкелуде. Бұл серіктестік саланың өсуін ғана емес, сонымен қатар БАӘ-нің технологиялық көшбасшылықтағы позициясын да нығайтады. Біз бірлесіп инновацияларға жол ашатын және АКТ саласындағы келесі буын таланттарын дамытуға ықпал ететін сенімді экожүйе қалыптастырамыз», – деп атап өтті Әл-Нуайми.
Huawei-дің Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы IP өнімдері мен шешімдері жөніндегі менеджері Райан Пан 2024 жылы «Imagine Wi-Fi 7» бағдарламасының жетістіктеріне толық шолу жасап, 2025 жылға арналған Huawei-дің сымсыз байланыс стратегиясын таныстырды.
«Huawei Wi-Fi технологиялары саласында ауқымды салалық ноу-хауға және үлкен тәжірибеге ие, бұл Wi-Fi салалық стандарттарының дамуына айтарлықтай үлес қосады», – деп атап өтті Пан. Ол сондай-ақ Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінде Wi-Fi 7 технологиясын табысты енгізудің бірнеше мысалдары туралы айтты.
Дубай университетінің ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры Мохаммад Ханиф Wi-Fi 7 технологиясын енгізу тәжірибесімен бөлісті. «Біздің сынақтарымыз жылдамдықтың артуы мен пайдаланушы тәжірибесінің жақсарғанын көрсетіп отыр», – деп атап өтті Ханиф. «Huawei-дің Wi-Fi 7 технологиясы жоғары оқу орындарындағы цифрлық білім берудің өткізу қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне және желілік операцияларына қойылатын жоғары талаптарға тиімді жауап береді».
«Imagine Wi-Fi 7 to Reality» бастамасы аясында технологиялық экожүйенің әртүрлі сегменттеріне бағытталған екі конкурс іске қосылды. «Wi-Fi 7 Pioneers» байқауы Wi-Fi 7 шешімдерін енгізген мамандарды тартады және оларды Huawei IP Club іс-шараларында презентациялар өткізу және бейнематериалдар жіберу арқылы өз тәжірибесімен бөлісуге шақырады. Қатысушылар қатысу әдістерін біріктіру арқылы 1 500 IP Club ұпайына дейін жинай алады.
«The Innovation Pioneer» байқауы кеңірек аудиторияға – технологиялық энтузиастарға, зерттеушілерге және визионерлерге арналған. Қатысушылар Wi-Fi 7-нің озық мүмкіндіктерін, соның ішінде Wi-Fi Shield технологиясын, VIP Experience Assurance және Dynamic Zoom Smart антенналарын қолдануды зерттеп, өздерінің қызықты бейнепрезентацияларын ұсынуы тиіс.
Бағдарлама үздік қатысушылардың үлесін және жетістіктерін мойындауды көздейді. Жеңімпаздар Huawei-дің штаб-пәтеріне ұйымдастырылатын «Huawei IP Club Explorer Tour» турына қатысуға мүмкіндік алады және IEEE мен Huawei бірлесіп табыстайтын беделді Pioneer Trophy сыйлығын иеленеді. Қосымша марапаттар қатарында 2025 жылы Өзбекстанда өтетін «Huawei Tech Carnival 2025» іс-шарасына қатысу және әлеуметтік желілердегі белсенділігі үшін Huawei FreeClip құлаққаптары бар.
Wi-Fi 7 технологиясын енгізу Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінде кеңінен таралуда. Huawei 30 000-нан астам Wi-Fi 7 кіру нүктелерін орнатты және де 180-нен астам кәсіпорын Wi-Fi 7-ні техникалық стандарт ретінде таңдады. Бұл кең ауқымды енгізу Wi-Fi 7 технологиясының мүмкіндіктеріне деген сенімділікті және оның корпоративтік қолдануға дайын екенін көрсетеді.
Huawei – корпоративтік Wi-Fi шешімін шығарған әлемдегі алғашқы жеткізуші бола отырып, WLAN стандарттарын дамытуға ерекше бейілділігін көрсетуде. WLAN және Wi-Fi 7 стандарттарын дамытуға қосқан жиынтық үлесі бойынша бірінші орынға ие болған Huawei Wi-Fi 7 саласындағы әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтты. Атап айтқанда, Huawei 2024 жылы Wireless Broadband Alliance (WBA) Industry Awards 2024 марапаттау рәсімінде «Үздік корпоративтік Wi-Fi желісі» жүлдесін жеңіп алды.
Бағдарлама және байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпаратпен келеі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://e.huawei.com/ae/events/2024/ae/partners/imagine-wifi7/contest