Huawei қолдауымен салалық интеллект арқылы цифрлық алшақтықты жою мақсатында China Unicom «ЖИ бәрін біріктіреді» жоспарын іске қосады

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Huawei қолдауымен салалық интеллект арқылы цифрлық алшақтықты жою мақсатында China Unicom «ЖИ бәрін біріктіреді» жоспарын іске қосады

2025.03.06

[Барселона, Испания, 3 наурыз 2025 ж.] MWC 2025 көрмесі барысында China Unicom «5G-A - мүмкіндіктерді кеңейтеді, ЖИ түрлендіреді, цифрлық өмір» тақырыбында даму семинарын өткізді. Пресс-конференцияға China Unicom компаниясының бас директоры Цзянь Цинь және Huawei директорлар кеңесінің мүшесі, АКТ-бизнесінің бас атқарушы директоры Ян Чаобинь қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ GSMA ұйымы және басқа да салалық өкілдер өз ойларымен бөлісті. Конференция барысында «ЖИ бәрін біріктіреді» жоспары мен оған қатысты жетістіктер ресми түрде таныстырылып, желілер, қызметтер және жасанды интеллект интеграциясына баса назар аударылды.

Өз сөзінде Цзянь Цинь былай деді: «China Unicom технологиялық инновацияларды негізгі қағидат ретінде ұстанады, жасанды интеллект революциясын белсенді түрде қабылдай отырып, “Unicom Intelligence” және “Unicom Solutions” арқылы жаһандық интеллектуалды трансформацияға үлес қосуда. ЖИ саласындағы болашақты ойластырып, үздіксіз инвестиция салу арқылы біз : есептеу инфрақұрылымы, желілік қосылым, деректер ресурстары, модельдер мен қолдану сценарийлерін әзірлеу. Біздің мақсатымыз – ЖИ технологиясы мен салалық қолданбалардың бірігуіне жетекшілік ету сияқты бес негізгі бағыт бойынша кешенді инновацияларды дамытуға басымдық береміз».

Ян Чаобинь өз сөзінде Huawei компаниясының China Unicom-мен «ЖИ бәрін біріктіреді» стратегиясын қолдау мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге ниетті екенін атап өтті. «Біз мұны соңғы ЖИ технологиялары арқылы пайдаланушыларға кең ауқымды интеллектуалды қолданбаларды ұсыну арқылы жүзеге асырамыз. Бұл China Unicom-ға жаһандық әсері бар жаңа ЖИ-қызметтер порталдарын құруға мүмкіндік береді және жасанды интеллектті барлығына қолжетімді етеді», – деді ол.

China Unicom-ның стратегиялық серіктесі ретінде Huawei компаниясы ЖИ саласындағы біріктірілген инновациялар бағытында тығыз ынтымақтастық орнатып, ЖИ дәуірінде жаңа бизнес мүмкіндіктерін пайдалануға күш салуда. Екі тарап жеке және үй пайдаланушыларына арналған ЖИ қызметтеріне арналған бұлттық платформаны әзірледі, олтехнологияны, есептеулерді, желілер мен құрылғыларды біріктіріп, ЖИ қызметтеріне арналған бірыңғай портал жасады. Мысалы, Азия қысқы ойындары кезінде China Unicom Tone атты жасанды интеллект көмекшісі бар жекелендірілген бұлттық телефондарды іске қосты. Бұл өнім негізгі іргелі модельдер мен 5G-A желілерін пайдалана отырып, пайдаланушыларға барлық сценарийлерде тұрақты жұмыс істеуге, сондай-ақ қауіпсіз және сенімді ЖИ қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Huawei және China Unicom жасанды интеллектті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, өндіріс, мәдениет және креативті индустриялар сияқты салаларда кеңінен қолдану арқылы желілердің қауіпсіздігін, сенімділігін, икемділігін, ауқымдылығын, тиімділігін және үйлесімділігін арттыруда. China Unicom ЖИ мен желілердің синергиясын дамытуға белсенді түрде қатысуда. Ақылды үй қызметтері саласында China Unicom үйге арналған талшықты-оптикалық кең жолақты байланыс саласының көшбасшысы болып табылады. Компания саладағы алғашқы HI-CON (Home Intelligent Collaborative Optical Network) жүйесін іске қосты, ол оптика мен Wi-Fi жұмысын біріктіреді. Бұл жүйе желі жұмысының жалпы сапасын айтарлықтай жақсартатын интеллектуалды жоспарлау алгоритмі негізінде жұмыс істейді.

Конференция барысында China Unicom «ЖИ бәрін біріктіреді» жоспарын таныстырды. Конвергенция және инновация стратегиясы аясында компания жасанды интеллект пен желілер арасындағы синергияны жан-жақты дамытуға және интеллектуалды байланысты барлығына қолжетімді етуге ұмтылады. Сонымен қатар, China Unicom жасанды интеллектті кең ауқымды технологияларда қолдануды кеңейтуді көздейді. Қызметтер мен жасанды интеллектті біріктіруді қолдай отырып, China Unicom әртүрлі салалардың интеллектуалдануына және миллиондаған үй шаруашылықтарының игілігіне жұмыс істейді.

MWC Barcelona 2025 көрмесі 3-6 наурыз аралығында Испанияның Барселона қаласында өтеді. Іс-шара барысында Huawei компаниясы өздерінің ең жаңа өнімдері мен шешімдерін Fira Gran Via көрме орталығының 1-залында орналасқан 1H50 стендінде ұсынады.

2025 жылы 5G-Advanced коммерциялық енгізілуі жеделдей түседі, ал жасанды интеллект операторларға бизнес, инфрақұрылым және операциялық қызметтерді қайта құруға көмектеседі. Huawei компаниясы операторлармен және серіктестермен бірлесе отырып, интеллектуалды әлемге өтуді жылдамдату үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады: https://carrier.huawei.com/en/events/mwc2025.