Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры

Армысыздар! Huawei Technologies Kazakhstan командасын басқару – мен үшін үлкен құрмет. Біздің компания Қазақстанда бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, және мен кәсіби әрі жанашыр командамен бірге осы жолды жалғастыруға қуаныштымын. Huawei-дегі жұмыс барысында мен «жасыл» энергетика мен цифрлық трансформацияға қатысты халықаралық жобаларға қатыстым және технологиялар қоғам өмірін оң бағытта өзгерте алатынына сенемін. Әлемнің 170-тен астам елі мен аймағында өкілдігі бар және 208 000-ға жуық қызметкерді біріктіретін жаһандық компанияның бір бөлігі ретінде біз Қазақстанның цифрлық болашағына өз үлесімізді қоса беретін боламыз.


Соңғы айларда біз мемлекеттік, білім беру және салалық құрылымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеміз. 2025 жылы біз еліміздегі алғашқы энергия сақтау жүйесі (BESS) бойынша пилоттық жобаны «Qazaq Green» АҚ-пен бірлесіп іске қостық, «Самұрық-Қазына» қорымен цифрлық трансформация жөнінде меморандумға қол қойдық, сондай-ақ «Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында «Astana Innovations» АҚ-пен келісімге келдік. Бұл қадамдар – Қазақстанның әлеуетіне деген сеніміміздің және орнықты технологиялық өсуге деген ұмтылысымыздың айқын дәлелі.


Біз жас мамандарды дамыту мен Қазақстандағы цифрлық білім беруді қолдауға ерекше мән береміз. Биыл қазақстандық студенттердің Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық байқауының финалында үш жүлделі орын иеленгенін мақтанышпен атап өтеміз. Бұл жетістіктер – олардың талантының, табандылығының және білімге деген құштарлығының айғағы. Сонымен қатар, бұл жастардың ақпараттық технологиялар саласындағы зор әлеуетін көрсетті. Мұндай табыстар басқа студенттерге де оқуға, зерттеуге және инновацияларға ұмтылуға шабыт беретініне сенеміз. Huawei білім беру саласына инвестиция сала бермек, жергілікті кадрларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейтуге күш салады. Біз идеялар өсіп, үздік шешімдерге айналатын және қоғам мен болашақ ұрпаққа пайда әкелетін экожүйе құруға ұмтыламыз.