Huawei Таяу Шығыс пен Орталық Азияда цифрлық дамуды жылдамдату үшін зияткерлік желіні іске қосады
Бакуде Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтарына арналған Huawei Network Summit 2024 өтті. Іс-шара жаңа дәуірдегі зияткерлік желілердің даму үрдістері мен үздік тәжірибелерін талқылаған 1000-нан астам идеялық көшбасшыларды, сала сарапшыларын және экожүйе бойынша серіктестерді жинады. Huawei компаниясы саммитте Xinghe intelligent Network өнімдері мен шешімдерін ұсынды және кампус желілері, жаһандық есептеу желілері (WAN), деректерді өңдеу орталықтарының желілері (DCN) және желілік қауіпсіздік, сонымен қатар коммерциялық бизнес және дистрибуцияны қамтитын өзекті тақырыптарды егжей-тегжейлі қарастырды. Деректер арнайы әзірленген ұсыныстар мен инсайттар тапсырыс берушілерге зияткерлік дамудың жаңа мүмкіндіктеріне көшуге және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, өнімділікті барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Жаһандық цифрлық экономика өзінің алтын дәуірін бастан өткеруде: көптеген салалар цифрлық трансформацияны арттыра отырып, зияткерлік трансформацияны белсенді түрде зерттеп, ілгерілетуде. 2026 жылға қарай әртүрлі салалардағы негізгі бизнес сценарийлеріне ЖИ ену деңгейі 30% - ға жетеді деп күтілуде, ал 2030 жылға қарай ЖИ-тің әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі 13 триллион АҚШ долларын құрайтын болады.
Таяу Шығыс пен Орталық Азияның кейбір елдері, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар және Қазақстан өздерінің зияткерлік стратегияларын әзірлегенін жариялап, әртүрлі салаларда зияткерлік дамуды ынталандыру үшін жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бірқатар салалық саясаттарды ұсынды.
Зияткерлік трансформация мүмкіндіктерін пайдаланыңыз және бірге Ақылды әлем құрудың негізін қалаңыз
Әр түрлі салалардағы зияткерлік трансформация озық және сенімді техникалық қолдауды қажет етеді. АКТ-ның маңызды инфрақұрылымдарының бірі ретінде желілер зияткерлік технологиялар дәуірінде өте маңызды рөл атқарады. Өз сөзінде Huawei компаниясының ICT Products & Solutions бөлімшесінің басшысы және президенті Ян Чаобин: «Huawei желілік технологиялар саласындағы инновацияларды белсенді түрде дамытуда және Net5.5G негізінде желілік инфрақұрылымды құру үшін клиенттермен және серіктестермен ынтымақтастыққа ұмтылуда. Бұл әртүрлі салаларды зияткерлік деректермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зияткерлік дамуды жоғарылатып, зияткерлік әлемге көшуді жылдамдату үшін бірге жұмыс істейік».
Өнеркәсіптік интеллектті жеделдететін Xinghe зияткерлік желісі
Зияткерлік технологиялар дәуіріндегі желілерге қойылатын талаптарды ескере отырып, Huawei өз класындағы ең жақсы өнімдер мен шешімдерді әзірлеуді жалғастыруда. Huawei деректерді беруге арналған өнімдер желісінің президенті Леон Ван өз сөзінде компанияның көзқарасы туралы баяндауға толығырақ тоқталды: "Барлық салалар зияткерлік трансформацияны жылдамдатуда және желілер барған сайын зияткерлік сипатқа ие болуда. Осылайша, біз зияткерлік бұлттық желіден Net5.5G негізіндегі Xinghe зияткерлік желісіне деректерді беру шешімдерін толығымен жаңартамыз, осылайша зияткерлік дәуірге арналған желі негізін құрамыз».
ФОТО: Huawei деректерді беруге арналған өнімдер желісінің президенті Леон Ван
Іс-шарада Huawei компаниясы кампус желілері, жаһандық желілер, DCN және желілік қауіпсіздік сияқты әртүрлі сценарийлерге арналған оннан астам инновациялық Xinghe зияткерлік желі өнімдері мен шешімдерін ұсынды. Ұсынылған үлгілерге әмбебап Wi-Fi 7, 400GE деректерді өңдеу орталықтары үшін саладағы ең қуатты модульдік коммутатор (барлығы 640 400GE порттар), GE-ден 400GE-ге дейінгі икемді тақталары бар саладағы бірегей коммутатор, тереңдігі 220 мм болатын саладағы бірінші 400GE бағдарлауышы, «барлығы бірде» зияткерлік модулі, конвергентті шлюз және Net Master (үлкен желілік модельге арналған қосымша)кірді.
Компания сонымен қатар мемлекеттік қызметтер, қаржы, электр энергетикасы және білім беру секторларындағы клиенттерге арналған тоғыз салалық шешімдер мен флагмандық дистрибуция өнімдерін жариялады, бұл коммерциялық кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) нарықтарына терең ену жөніндегі күш-жігерін растады. 2024 жылдың соңына қарай Huawei, көптеген кәсіпорындарға цифрлық технологияларға жеңіл көшуге көмектесу үшін, серіктестермен күшті біріктіре отырып, Қытайдан тыс нарықтарға дистрибуциялық өнімдердің 73 үлгісін ұсынуды жоспралап отыр.
Басқа баяндамашылардың ой салатын пікірлері
Wireless Broadband Alliance (WBA) компаниясының техникалық директоры Бруно Томас Wi-Fi 7 - бұл келесі буынның сымсыз желілері екенін атап өтті. Huawei Wi-Fi компаниясы зияткерлік антеннаның озық технологиялары, радио қосқыштары және заттар Интернетін анықтау және бүкіл әлемдегі клиенттерге өз класындағы үздік сапалы Wi-Fi 7 өнімдерін ұсынғаны үшін «Үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Кампус желілерінің көшбасшысы ретінде Huawei «Іmagine Wi-Fi 7» бағдарламасын іске қосты, оның шеңберінде технология әуесқойлары қысқа бейнелер арқылы Wi-Fi 7 қолданудың инновациялық сценарийлерін ұсынуға шақырылады. Осы іс-шара барысында Huawei үздік қатысушыларға "imagine Wi-Fi 7 Pioneer" сыйлығын табыс етті. Қазіргі уақытта бағдарлама Wi-Fi 7-ді әртүрлі салаларда қолдану туралы идеялар толқынын тудырып, бүгінгі таңда Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Wi-Fi 7 жеткізу көлемі әлемде бірінші орынды иеленіп тұр.
Жасанды интеллект үлгілері дәуірінде деректерді өңдеу орталықтарының желілері теңдесі жоқ техникалық және қолданбалы мәселелерге тап болды. Саммитте Huawei Ankabut-пен бірлесе отырып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі білім берудегі цифрлық трансформацияны ілгерілету үшін жоғары өнімді есептеу желілері (HPC) және бұлтқа негізделген деректерді өңдеу орталықтары саласындағы ынтымақтастықты тереңдете келе, бұлтты деректерді өңдеу орталығының демонстрациялық жобасын жаһандық аудиторияға ұсынды.
Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы кәсіпорындар желілік қауіпсіздікті зияткерлік түрде жақсарту қажеттілігін аса сезінуде. Сондықтан Huawei желіні өрістетуді қоса алғанда, бес модульді қамтитын Xinghe Intelligent SASE experience бағдарламасын жариялады. Қатысушылар Xinghe SASE шешімінің артықшылықтарын пайдаланудың практикалық тәжірибесін алу үшін кез келген уақытта, кез келген жерде DemoCloud арқылы бір-бірін көрсете, сынай, үйрене және сөйлесе алады.
Huawei сонымен қатар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия мүшелеріне көбірек құқықтар мен артықшылықтар ұсына отырып, IP Club мүшелік бағдарламасының жаңа дәрежеліктерін жариялады. Клуб мүшелері соңғы озық технологиялық инновациялар туралы жаңа білім ала отырып, саланың жетекші сарапшыларымен және көшбасшылардың пікірлерімен байланыс орната алады және элиталық мүшелеіне арналған брендтің эксклюзивті бағдарламасына қатыса алады. Сонымен қатар, іс-шарада Diamond мәртебесі бар IP Club мүшелері марапаттарға ие болды.
Әлем цифрлық трансформациядан зияткерлік трансформацияға көшудің сыни жолайрығында тұр. Huawei Xinghe зияткерлік желісі шеңберінде өз ұсыныстарын үнемі жетілдіруге ұмтылады. Жетілдірілген желілік инфрақұрылымдарды құра отырып, компания барлық салаларға зияткерлік дәуірдегі қадамды жылдамдатуға және цифрлық зияткерлік интеграция шеңберінде дамудың толық әлеуетін ашуға көмектесуге тырысады.