15 қазақстандық студент Huawei Seeds for the Future халықаралық байқауының қатысушысы атанды
Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 14 елінен 150 студент пен 14 оқытушы Өзбекстандағы Huawei Seeds for the Future бағдарламасына қатысады.
Huawei компаниясы Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы университет студенттеріне арналған Seeds for the Future 2024 беделді жыл сайынғы білім беру бағдарламасының басталғанын жариялады. Huawei-дің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды элементіне айналған бұл жоба мерейтойлық оныншы рет өткізіледі.
Seeds for the Future бағдарламасы студенттердің цифрлық талантын дамытуға, білім алмасуға, АКТ туралы хабардарлықты арттыруға және жас мамандар үшін цифрлық қауымдастықты қалыптастыруға бағытталған. Биылғы жылы бағдарламаға Өзбекстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Иордания, Ирак, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Кувейт, Ливан, Оман, БАӘ, Пәкістан және Сауд Арабиясын қоса алғанда, өңірдің 14 елінің жетекші университеттерінен 150 студент қатысады.
Seeds for the Future 2024 бағдарламасында Қазақстанның жеті университетінен 15 студент еліміздің намысын қорғайды: Astana IT University (4 студент), Назарбаев Университеті (3 студент), ҚБТУ (2 студент), АЭжБУ (2 студент), SDU (2 студент), Әл-Фараби ат. ҚазҰУ (1 студент) және De Montfort University (1 студент).
«Цифрландыру біздің өмір сүруімізді, жұмыс істеуімізді және қарым-қатынасымызды өзгертті және білікті кадрлар осы трансформацияның негізі болып табылады. Huawei-де біз үкіметтер, ұйымдар және ғылыми орта арасындағы ынтымақтастық дағдылардың жетіспеушілігін жою және жастарды ертеңгі мүмкіндіктерді пайдалануға үйрету үшін қажет деп санаймыз. Біз АКТ саласындағы болашақ таланттардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және біз жұмыс істейтін өңірлердің дамуына үлес қосуға жалпы жауаптымыз. Біз Seeds for the Future 2024 жобасын өткізіп жатқанымызға өте қуаныштымыз және АКТ саласындағы аймақтық таланттарды іс жүзінде көруді асыға күтеміз», — деді өз сөзінде Huawei-дің Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы вице-президенті Ван Шунли мырза.
2024 жылғы бағдарлама аясында студенттер озық АКТ-технологиялар бойынша қарқынды тренингтерге, көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған дәрістерге, жаһандық мәселелерді талқылауға және Tech4Good топтық стартап-жобаларына қатысады. Қатысушылар 5G технологиялары, жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және Wi-Fi 7 бойынша терең білім алады, бұл олардың болашақта өсуі үшін жаңа көкжиектер ашады және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Сонымен қатар, студенттер АКТ-ның инновациялық ортасына еніп, салалық сарапшылармен тәжірибе алмасады, сондай-ақ мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған мәдени іс-шаралар мен Өзбекстан бойынша экскурсиялық турларға қатысады. Ташкенттегі Амити университетінде бағдарламаның ашылу салтанаты басты оқиғалардың бірі болды, онда «Global Village» ауқымды мәдени іс-шарасы өтті. Студенттер өздерінің ұлттық дәстүрлерін, киімдері мен асханаларын таныстырды, сондай-ақ Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовпен кездесті, іс-шара аясында ол студенттердің мәдени стендтерімен танысты.
Бағдарлама аясында сонымен қатар Tech4Good байқауы өткізіледі, ол жастарды озық АКТ технологияларын пайдалана отырып, өз қауымдастықтарындағы оң өзгерістерге қатысуға шабыттандыруға бағытталған. Студенттер өз жобаларын қазылар алқасына ұсынады және келесі жылы Қытайдағы жаһандық финалға қатысу үшін ең үздік екі команда іріктеліп алынады.
Huawei компаниясы білім беру мен жас таланттарды дамытуға инвестиция салу тұрақты цифрлық болашақты құрудың негізгі факторы екеніне сенімді. Seeds for the Future флагмандық бағдарламасы осы міндеттеменің жарқын мысалы ретінде қызмет етеді және бүкіл әлем бойынша технологиялық көшбасшылардың жаңа буынын шабыттандыруды жалғастырады.