Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition жаһандық байқауында жеңіске жетті
Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition сегізінші жыл сайынғы байқауында үздік атанып, Cloud және Computing деген екі негізгі бағытта жеңіске жетті. Бұл жетістік қазақстандық студенттердің құзыреттілігінің жоғары деңгейін және олардың АКТ саласындағы кәсіби сын-қатерлерге дайындығын растайды. Биылғы жылы байқауға қатысушылар рекордтық санды көрсетті, 90-нан астам елдің 2000+ университеттерінен 170 000-нан астам студент қатысты, бұл тез өзгермелі цифрлық ландшафтта АКТ дағдыларының маңыздылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Computing Track бағытында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Ғылым және технология факультетінің 4 курс студенті Утебай Оралбай мен АЭжБУ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының 4 курс студенті Жиляков Николайдың командасы жеңіске жетті. Cloud Track бағытында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің 4 курс студенттері Молдахметова Дидара мен Бегайдарова Аида, сондай-ақ СДУ Ақпараттық технологиялар факультетінің 4 курс студенті Бекзада Үштай командасы көш бастады.
«Huawei ICT Competition байқауы Huawei компаниясының АКТ саласындағы таланттарды дамытуға, инновацияларды енгізуге және бүкіл әлем бойынша технологиялық серіктестіктер арқылы білім беру саласындағы өзгерістерді жеделдетуге деген мызғымас адалдығын көрсетеді. Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймағы көптеген таланттармен мақтана алады және мен қатысушы командалар жаһандық жарыста табысқа жететініне сенімдімін. Олар өз елдеріндегі цифрлық өзгерістерге ықпал ететін және аймақтың дамып келе жатқан цифрлық экономикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын болашақ көшбасшылар болуға дайын», — деп атап өтті Huawei аға вице-президенті және Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтарындағы Huawei бөлімшесінің президенті Стивен И.
Huawei ICT Competition 2023-2024 жаһандық финалы аясында Huawei ICT Академиясының алғашқы жаһандық MVI форумы өтті, оған әлемнің 50 елінен 24 MVI маманы мен 150-ден астам инструктор жиналды. MVI форумы (Most Valuable Instructor) — бұл өз құзыреттілігінің жоғары деңгейін және жас таланттарды дамытуға қосқан елеулі үлесін көрсетуге бағытталған, әлемнің үздік оқытушылары арасында тәжірибе алмасуға және сараптамаға арналған кәсіби платформа.
Осы форумда Қазақстан-Британ техникалық университетінің отандық оқытушысы Темирлан Жаксалықов ерекше танылды. Студенттерді оқыту мен даярлауға қосқан үлесі үшін ол MVI сертификатымен марапатталды, бұл қазақстандық мамандардың кәсібилігі мен оқытушылық дағдыларының жоғары деңгейінің дәлелі.
Қазақстандық студенттердің Huawei ICT Competition сияқты беделді халықаралық байқауға қатысуы елдегі АКТ-білім беруді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл мамандарды даярлау деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға да ықпал етеді. Байқаудағы жеңіс студенттерге халықаралық тануды, кәсіби байланыстарды және әлемнің жетекші компанияларында жұмысқа орналасу перспективалары сияқты жаңа мүмкіндіктер ашады.
Huawei ICT Competition — АКТ саласындағы ең ірі және беделді халықаралық білім беру платформаларының бірі. Байқау өз елдерінің цифрлық экономикасының дамуына елеулі үлес қоса алатын талантты студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған. Huawei ICT Competition сонымен қатар әртүрлі елдердің қатысушылары арасында білім алмасуға және мәдени өзара әрекеттесуге ықпал етеді, бұл АКТ мамандарының жаһандық қауымдастығын құруға септігін тигізеді.
Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition жаһандық байқауында 90-нан астам елден келген 170 000-нан астам студентті басып озып, жеңіске жетті. Huawei ICT Competition — АКТ саласындағы ең ірі және беделді халықаралық білім беру платформаларының бірі.
Yessenov University студенті Утебай Оралбай және АЭжБУ студенті Николай Жиляков Computing Track бағытында үздік атанды. ҚазҰУ студенттері Дидара Молдахметова мен Аида Бегайдарова және СДУ студенті Бекзада Үштай Cloud Track бағытында жеңіске жетті.