Huawei 2023 жылдық есебін жариялады: Қызмет нәтижелері болжамдарға сәйкес

Huawei 2023 жылдық есебін жариялады: Қызмет нәтижелері болжамдарға сәйкес

2024.04.24

2024 жылғы 29 наурызда Huawei компаниясы 2023 жылға арналған жылдық есепті жариялады және қызмет нәтижелері болжамдарға сәйкес келетінін хабарлады. Табыс 704,2 миллиард юань, ал таза пайда – 87 миллиард юаньды құрады. Өткен жылы Huawei-дің АКТ саласындағы бизнесі тұрақты болып қалды, ал компанияның тұтынушылық сегментіндегі бизнесі үмітті ақтады. Компанияның бұлтты есептеу (Cloud) және цифрлық энергетика (Digital power) бөлімшелері тұрақты түрде өсіп, автокөліктерге арналған интеллектуалды шешімдер бағыты кең ауқымды жеткізілімдерді бастады.

Huawei зерттеулер мен инновацияларды бағалайды. 2023 жылы компания ҒЗТКЖ саласына 164,7 миллиард юань инвестициялады, бұл жылдық кірістің 23,4% құрады. Жалпы, компанияның ҒЗТКЖ-ға салған инвестициясы соңғы онжылдықта 1,11 трлн юаньды құрады.

«Компанияның 2023 жылғы қызметінің нәтижелері болжамдарға сәйкес келеді», — деді Huawei компаниясының айналмалы төрағасы Кен Ху. «Соңғы бірнеше жылда біз көп нәрсені бастан өткердік. Бірақ әр сынақты бірінен соң бірін жеңе отырып, біз өстік. Дүние жүзіндегі клиенттеріміздің, серіктестеріміздің және достарымыздың сенімі мен қолдауы бізге алға ұмтылуға, аман қалуға және өсуге көмектесті».

2023 жылғы қызмет түрлері бойынша кіріс.

АКТ инфрақұрылымын құру бөлімі 362 миллиард юань әкелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артық. Тұтыну бизнесі 251,5 миллиард юаньды белгілеп, жылдық салыстыруда 17,3%-ға өсті. Бұлтты есептеу бизнесі (Cloud) 55,3 миллиард юань әкелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға жоғары. Цифрлық энергетика бөлімі (Digital power) 52,6 миллиард юань табыс тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Интеллектуалды автокөлік шешімдері бизнесі 4,7 миллиард юань әкелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 128,1%-ға жоғары.

Алға қарайұмтыла отырып, Huawei компаниясы технологияларды дамытуға және әртүрлі салаларды модернизациялауға көмектесу үшін әзірлемелер мен ашық инновацияларға инвестиция салуды жалғастырады. Сапалы жабдықтар мен қызметтерді ұсыну арқылы табысқа жету жолында компания сапаны өзінің негізгі бәсекелестік артықшылықтарының біріне айналдыру үшін көп жұмыс істейтін болады. Дүние жүзіндегі 9,5 миллион әзірлеушімен және 46 000 экожүйе серіктестерімен ынтымақтаса отырып, Huawei ашық ынтымақтастықты және басқаларға табысқа жетуге көмектесуді шынайы қолдайды. Осы тәсілмен компания АКТ-ның негізгі технологияларын әзірлеуге, сондай-ақ жалпы табысқа жәрдемдесу мақсатында серіктестер үшін ашық болатын заманауи аппараттық және бағдарламалық жасақтама үшін мүмкіндіктер платформасын құруға назар аударуды жалғастырады.

«2024 жылы бізді жаңа саяхат күтіп тұр», - деп қорытындылады Ху. «Біз ашық инновацияларды ілгерілету, гүлденген экожүйелерді құру және сапа арқылы табысқа жету арқылы клиенттеріміз бен қоғам үшін үлкен құндылық жасаймыз. Бұл ретте мен осы жолда бізге қосылғандарға және бізге қосылатындарға алғыс айтқым келеді. Бірлесе отырып, керемет нәрсе жасайық. Толығымен өзара байланысты, интеллектуалды әлем құрайық».

2023 жылға арналған жылдық есептегі барлық қаржылық көрсеткіштерді KPMG – «Үлкен төрттік» халықаралық аудиторлық фирмасы тексерді. 2023 жылға арналған жылдық есепті келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады https://www.huawei.com/en/annual-report/2023

*АҚШ долларының бағамы 2023 жылдың аяғындағы көрсеткіш бойынша алынды: 1 АҚШ доллары = 7.0808 юань