5G-дің дамығаны Қазақстанға не береді

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

5G-дің дамығаны Қазақстанға не береді

2023.08.02

Әңгіме интернетті жылдамдату туралы ғана емес

5G технологиясы – жаңа байланыс стандарты. Оның дамуы, сайып келгенде, бүкіл әлем бойынша цифрлық теңсіздікті шешуді айтарлықтай жеделдетеді. Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2022 халықаралық форумы аясында өткен 5G On Silk Road шағын форумында сөз сөйлеген Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының жетекші сарапшылары осындай пікірде.

Сонымен Huawei сымсыз шешімдер желісінің вице-президенті Чен Чуанфэйдің айтуынша, 5G спектрі туралы алғашқы әңгіме 2000 жылдары, оның өзі әлі студент кезде басталған. Содан кейін ITU (International Telecommunication - International Telecommunication Union) бұл стандартты алдағы онжылдықтардың мақсаты ретінде қабылдады. Айта кету керек, бұл барлық жерде мүмкін емес және әрқашан біркелкі бола бермейді, өйткені барлық ел технология дамуының эволюциялық жолымен жүре бермейді.

Мысалы, Қытайда технология біртіндеп дамып, базалық станциялардың саны жылдан жылға артса, басқа елдерде даму секіртпелі түрде болды. Үдемелі дамудың артықшылықтары 5G-ді жылдам интернеттен басқа да мақсатта кеңірек пайдалануға мүмкіндік береді. Операторлар көптеген инновациялық қызметтер мен смарт өнімдерді ұсына алады. Айтпақшы, Қытай аумағында жаңа желілік стандарттың 500 мыңға жуық базалық станциялары орнатылған.

Кейінгі екі жылда 5G желілерінің жаһандық енуі 55%, ал технологияны пайдаланушылар саны 245% өсті. 2022 жылы бұл желілерге қосылу саны бір миллиардқа, ал 2025 жылға қарай екі миллиардқа жетеді. Мұндай болжамды шағын форумның өнеркәсіптік серіктесі GSMA ұялы байланыс операторлары қауымдастығының сарапшылары айтып отыр.

«2030 жылға қарай 5G желілерін енгізуден әлемдік экономикаға түсетін үлес шамамен 960 млрд доллар болады деп болжанды. Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бесінші буын желілерін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2023-2025 жылдарға қарай желілер облыс орталықтарында іске қосылады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация жөніндегі комитеттің төрағасы Ержан Мейрамов.

Желілердің дамуын жеделдету үшін Қазақстан бірден бірнеше байланыс операторларына (ALTEL, Tele-2, Beeline және Kcell) 5G жиілік спектрін берді. Сынақ режимінде 5G Алматының бірнеше нүктесінде (Медеу мұзайдыны мен бөгені, Шымбұлақ тау курорты, сонымен бірге Панфилов-Қабанбай батыр және Панфилов-Төле-би көшелерінің қиылысында), Астанада (Ақмешіт, Абай, Бейбітшілік, Қабанбай батыр учаскелерінде), және Шымкентте (Түркістан, Әл-Фараби, Рысқұлов, Республика, Анарова көшелерінде) іске қосылды.

Ержан Мейрамовтың айтуынша, Қазақстанда 5G енгізу интернет жылдамдығы мен ауқымын арттырып қана қоймай, қауіпсіздік шараларын жетілдіріп, жасанды интеллект технологияларын, заттардың интернетін, үлкен деректер мен бұлт есептеулерін енгізуді жеделдетеді.

5G On Silk Road шағын форумында ұсынылған Huawei 5GtoB экожүйелері түрлі сценарийге икемді бейімделе алатын интеллектуалды өндіріс шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай экожүйелердегі 5G желісі - жаңа ақпараттық инфрақұрылымды жасаудың бастапқы нүктесі.