Қазақстанды аймақтық цифрлық хаб ретінде дамыту мүмкіндігі

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Қазақстанды аймақтық цифрлық хаб ретінде дамыту мүмкіндігі

2023.08.14

Кейінгі жылдары кванттық технологиялар ең көп талқыланатын және түсінуге қиын тақырыптардың біріне сенімді түрде айналды. Мемлекеттер және олармен бірге IT, қаржы, телекоммуникация, логистика және фармацевтика саласындағы әлемнің жетекші ойыншылары осы салада өздерінің экожүйелерін дамыта отырып, технологияға миллиардтаған доллар инвестициялап жатыр.

Елдер өз кванттық компьютерлерін жасау орталықтарын құруды жалғастырып жатыр. Мысалы, Германияда кванттық алқап құрылды. Ал ғалымдар жаңа препараттарды өндіруді тездетуге немесе классикалық компьютерлердің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа жүйелерді әзірлеу үстінде.

Қазақстанда кванттық мемлекет құру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Бұл туралы IDC (International Data Corporation) Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған «Кванттық мемлекет: цифрлық трансформациядан тыс» атты тоғызыншы жыл сайынғы форумда IT-сарапшылары айтты.

Форумға Қазақстандағы ірі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдардың 100-ден астам негізгі жетекшілері қатысты.

Конференцияны ТМД-да IDC бойынша вице-президент Андрей Беклемишев ашып, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы ақпараттық технологиялардың маңызын айтты.

Баяндамашы батыс мысалдарына ерекше тоқталды.

«2024 жылға қарай еуропалық үкіметтер мемлекеттік қызметтердің 25%-ын қамтамасыз ету үшін сенімді деректерді бөлісу мен интеллектуалды процестерді автоматтандыруды біріктіріп, бюрократияны жұртшылыққа көрінбейтін етеді. Үкіметтердің 73%-ы бұлтты есептеулерді пайдаланады, ал қалған 27%-ы оны жоспарлап, қарастырып жатыр», - деп баса айтты ол.

Қазір Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған мемлекеттерінің алғашқы 30 рейтингінде. Ол көптеген дамыған елдерді басып озды.

2021 жылы бекітілген ұлттық жобаға сай бүгінде отандық АКТ саласының, атап айтқанда, кең жолақты қолжетімділік операторларының алдында ауқымды міндеттер тұр.

Осының аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырысы бойынша IDC зерттеу компаниясы көп жұмыс атқарды және «Ақ кітапты» дайындады. «Ақ кітап» - жаһандық трендтерге шолу, ең перспективалы және нәтижелі сценарийлерді, кең жолақты қатынау желілерін дамыту. Құжатты дайындаудағы зерттеу жұмыстарын Huawei Technologies Kazakhstan сарапшылары қолдады. Қазақстанда интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту мәселесі бұған дейін «Цифрлық Қазақстанға» форумында талқыланған еді.

Қазір Huawei 4G/5G технологияларын енгізе отырып, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға белсенді қатысып жатыр. «Huawei Technologies» компаниясының Қазақстандағы бас директоры Чжао Сюйдің айтуынша, компания қазір еліміздегі ақпараттық жүйені дамытуға белсенді түрде атсалысып жатыр. Спикер Қазақстанның цифрлық экономикасының халықаралық стратегиясы аясында цифрлық хаб құруды атап өтті.

«Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу мүмкіндігі туралы айтқан еді. Ол мемлекетке көршілес елдерге қызмет көрсете алатын және телекоммуникациялық әлеуетін аша алатын заманауи деректерді өңдеу орталықтарын құру қажет болатынын атап өтті. Жаңа цифрлық дәуірде Қазақстан еуразиялық аймақта үлкен ықпалға ие. Елдің географиялық, экономикалық және технологиялық артықшылықтары бар және саяси экономиканың орталығы болып отыр. Цифрлық экономиканың қарқынды дамуының арқасында біз цифрлық хаб құра алдық», - деді ол.

Цифрлық орталық, Чжао Сюй атап өткендей, мына төрт аспектіні қамтиды:

Бірінші деңгей – Коммуникация хабы

Оған ұлттық кең жолақты байланыс, Каспий оптикалық кабель жобасы және жеке тұлғаларды, бизнесті және елдегі мемлекеттік органдарды байланыстыратын Қазақстан байланысының негізін қамтитын 5G-ді дамыту кіреді.

 

Екінші деңгей – бұлт хабы

Huawei Қазақстанға ұлттық деректер орталығы мен электронды үкімет бұлтын құруға көмектесуге ниет білдірді. Аймақтық бұлт хабын құру, ұлттық деректердің егемендігін қорғау және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үдерісінде.

 

Үшінші деңгей – АКТ таланттар хабы

Болашақта Huawei АКТ дарындыларын өсіруге көмектесу үшін мемлекеттік ведомстволармен ынтымақтасуға және зияткерлік білім беру жобаларын бірлесіп жасауға дайын.

 

Екі жыл бұрын дүниежүзілік ІТ-нарық 30 миллион маманға мұқтаж еді. Бүгінде қажеттілік қазірдің өзінде 100 миллион болса, 2025 жылға қарай ол 200 миллионға жетеді.

Төртінші деңгей – экожүйе хабы

Бұл халықаралық компанияларды Қазақстанда базалар құруға, интеграцияланған өнеркәсіптік тізбекті құруға және жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін хаб экожүйесін қалыптастыруға тартады.

"Ұлттық DigitEl стратегиясына сай, Huawei Қазақстанға цифрлық хаб стратегиясын дамытуға көмектесу үшін АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып жатыр. Қазақстанның цифрлық даму деңгейі Еуразиядағы көшбасшылықтан халықаралық деңгейдегі көшбасшылыққа өседі деп үміттенеміз", - деп түйіндеді Чжао Сюй.

Huawei жақында Go Cloud, Go Global деп аталатын жаңа саясатты шығарғанын еске саламыз. Компания Қазақстанға білім, қаржы, сауда, жаңа бөлшек сауда және өнеркәсіп сияқты салаларда цифрлық трансформацияға қол жеткізуге көмектесу үшін жаһандық салалық серіктестерді ұсынады.

Сонымен қатар Huawei-де өнімдерге, шешімдерге және қызметтерге негізделген Қазақстанның АКТ экожүйесін қолдауға арналған техникалық база бар. Іс-шара платина серіктестері – HCL Software, Kazakhtelecom Business, Dell Technologies, Juniper Networks

және Huawei Technologies Kazakhstan стратегиялық серіктесі – Қазақстанның IT менеджерлер қауымдастығының қолдауымен өтті.

Чжао Сюй атап өткендей, Цифрлық орталық мына төрт аспектіні қамтиды:

Бірінші деңгей – Коммуникация хабы

Оған ұлттық кең жолақты байланыс, Каспий оптикалық кабель жобасы және жеке тұлғаларды, бизнесті және елдегі мемлекеттік органдарды байланыстыратын Қазақстан байланысының негізін қамтитын 5G-ді дамыту кіреді.

 

Екінші деңгей – бұлт хабы

Huawei Қазақстанға ұлттық деректер орталығы мен электронды үкімет бұлтын құруға көмектесуге ниет білдірді. Аймақтық бұлт хабын құру, ұлттық деректердің егемендігін қорғау және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үдерісінде.

 

Үшінші деңгей – АКТ таланттар хабы 

Болашақта Huawei АКТ дарындыларын өсіруге көмектесу үшін мемлекеттік ведомстволармен ынтымақтасуға және зияткерлік білім беру жобаларын бірлесіп жасауға дайын.

Екі жыл бұрын дүниежүзілік ІТ-нарық 30 миллион маманға мұқтаж еді. Бүгінде қажеттілік қазірдің өзінде 100 миллион болса, 2025 жылға қарай ол 200 миллионға жетеді.

Төртінші деңгей – экожүйе хабы

Бұл халықаралық компанияларды Қазақстанда базалар құруға, интеграцияланған өнеркәсіптік тізбекті құруға және жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін хаб экожүйесін қалыптастыруға тартады.

"Ұлттық DigitEl стратегиясына сай, Huawei Қазақстанға цифрлық хаб стратегиясын дамытуға көмектесу үшін АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып жатыр. Қазақстанның цифрлық даму деңгейі Еуразиядағы көшбасшылықтан халықаралық деңгейдегі көшбасшылыққа өседі деп үміттенеміз", - деп түйіндеді Чжао Сюй.

Huawei жақында Go Cloud, Go Global деп аталатын жаңа саясатты шығарғанын еске саламыз. Компания Қазақстанға білім, қаржы, сауда, жаңа бөлшек сауда және өнеркәсіп сияқты салаларда цифрлық трансформацияға қол жеткізуге көмектесу үшін жаһандық салалық серіктестерді ұсынады.

Сонымен қатар Huawei-де өнімдерге, шешімдерге және қызметтерге негізделген Қазақстанның АКТ экожүйесін қолдауға арналған техникалық база бар. Іс-шара платина серіктестері – HCL Software, Kazakhtelecom Business, Dell Technologies, Juniper Networks және Huawei Technologies Kazakhstan стратегиялық серіктесі – Қазақстанның IT менеджерлер қауымдастығының қолдауымен өтті.