Қазақстанда студенттерге арналған «Seeds for Future 2022» бағдарламасы басталады

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Қазақстанда студенттерге арналған «Seeds for Future 2022» бағдарламасы басталады

2023.08.02

«Seeds for Future» - Huawei компаниясының тәжірибе алмасуға және АКТ саласындағы білімді кеңейтуге, жергілікті таланттарды шабыттандыруға және цифрлық қоғамдастыққа қызығушылықты арттыруға арналған жаһандық оқыту бағдарламасы. Бүгінде «Seeds for the Future» бағдарламасына әлемнің 500 университетінен 137 ел мен аймақтың өкілдері қатысып жатыр. Бағдарлама алғаш іске қосылған 2008 жылдан бері 12 000 үздік тәжірибеден өтті.

Қазақстанда 2018 жылдан бастап «Seeds for the Future» бағдарламасы жаңадан ашылып келе жатқан АКТ мамандарына қажет дағдыларды жетілдіруге көмектесу мақсатында жүзеге асып келеді. 2018-2019 жылдары еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасынан іріктеліп алынған 20 Қазақстан студенті Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барып, екі апта бойы озық технологиялармен танысты. Олар жетекші АКТ корпорациясының инновациялық зертханаларында заманауи жабдықтармен жұмыс істеді 

2020 және 2021 жылдары Seeds for the Future бағдарламасы жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен бүкіл әлемде онлайн режимінде өтті. Студенттер iLearning жүйесінде бір апталық онлайн тренингті аяқтады. Онда олар 5G, жасанды интеллект, бұлт технологиялары және тағы басқа инновациялармен танысты.

Қазақстанда бұл бағдарламаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі, Beeline компаниясы және тағы басқалар қолдау көрсетіп, сарапшы ретінде әрекет етті.

Huawei Қазақстанның барлық университетінің техникалық мамандықтардың (STEM) жоғары курс студенттерін бағдарламаға қатысуға шақырады.

Өтініштер 2022 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады. Бағдарламаға тіркелу үшін Google форманы толтыру қажет. Содан кейін барлық құжатпен бірге қатысуға өтінімді aiman.sakhova@huawei.com электрон поштасына жіберу керек (файлдары бар ықшамдалған қалта немесе бұлт қоймасына сілтеме).

Өтініш беру үшін қажет құжаттар:

• Ағылшын тіліндегі түйіндеме

• Үміткердің оқу үлгерімін растайтын транскрипт немесе тиісті құжаттар

• 3 минуттық жеке бейне және/немесе 400-600 сөзден тұратын мотивациялық хат (АКТ негіздерін, Қытайға қызығушылықты және оқуға деген құлшынысты көрсету үшін).

• Қажет болған жағдайда қосымша материалдар

 

Үміткерлерге қойылатын критерийлер:

• Үздік университеттердің бакалавриат/аспиранттары (жоғары оқу үлгерімі, АКТ индустриясы мен Қытайға қызығушылығы және оқуға деген құлшынысы маңызды).

• GPA 3.0 не одан жоғары немесе оқытушылар арасындағы 30% жоғары рейтингі

• Ағылшын тілінің жоғары деңгейі

 

Іріктеу кезеңінен өткен студенттерді Huawei өкілдері сұхбатқа шақырады. Нәтижесінде үздік студенттер 2022 жылдың қарашасында басталатын бағдарламаның қатысушысы болады. Жоба ағылшын тілінде өтеді.

«Seeds for the Future» бағдарламасына бүкіл ел бойынша 15 университетте орналасқан Қазақстандағы Huawei АКТ Академиялары қолдау көрсетеді:

 

1.Қазақ-Британ техникалық университеті

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3. Алматы энергетика және байланыс университеті

4. Астана IT университеті

5. Академик Е.Ә.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті

6. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

7. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

8. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті

9. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті

10. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

11. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

12. Ахмет Ясауи атындағы университет

13. Алматы технологиялық университеті

14. Қ.И.Cәтпаев атындағы университет

15. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.

Жаһандық жоба туралы ақпаратты мына жерден табуға болады.