Huawei компаниясы Алматыда балаларға арнап, жаңа жылдық мереке өткізді
Ең ғажайып мереке қарсаңында Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы дайындаған дарынды балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті.
Мерекелік шараға ғылым, өнер және спортта, сонымен бірге түрлі салада жетістікке жеткен 50 бала қонақ болды. Мұндай іс-шара компания үшін жақсы дәстүрге айналды және балаларды одан әрі жетістікке жетуіне ынталандыруға көмектеседі.
«Huawei үшін отбасы идеясы және оны қолдау өте маңызды. Балалар – біздің Қазақстанның болашағы. Әр адам әрдайым ғажайыпқа сене білсе деп тілеймін. Ал Huawei балалардың ең жақсы ортада білім алып, жайлы өмір сүруі үшін әрқашан барлық технологиялық жағдайды жасауға күш-жігерін салады», - деді өз құттықтауында бас директор аппаратының жетекшісі Фарида Төлеубаева.
Балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік шара Villa Dei Fiori мейрамханасында өтті. Жаңа жылдық шырша бағдарламасына Гринч, Аяз ата, Ақшақар және эльфтер келді. Сонымен қатар көңілді қар шоуы қойылды. Оған қоса қонақтарға жеке сыйлықтар қойылған мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Huawei компаниясының балаларға арналған Жаңа жыл қарсаңындағы бұл бастамасы Алматы қаласының Білім басқармасы тарапынан лайық бағаланды. Алғыс хатында басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева компанияның жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және оның балаларды тәрбиелеу мен дамыту саласына қосқан үлесін атап өтті. Ол қазақстандық қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған Huawei компаниясының тұрақты негізде өткізетін балаларға арналған қайырымдылық шарасы мен бағдарламасына ерекше назар аударды.
Жаңа жылдық атмосферасы бар жақсы қысқы демалыс балалардың ғана емес, осы мерекеге қатысқан барлық ересектің де көңілін көтерді. Қойылымнан кейін әр кішкентай қонаққа Аяз атадан мерекелік сыйлық табысталып, естелік ретінде фотолар берілді.