25 академия: Huawei Қазақстанның АКТ мамандарын қалай дайындайды

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

25 академия: Huawei Қазақстанның АКТ мамандарын қалай дайындайды

2023.08.14

2022 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумда жаһандық адам ресурстары индустриясының көшбасшысы ManpowerGroup корпорациясы ең көп сұранысқа ие салалар тізімінде IT және Data мамандары алғашқы орында екенін жариялады.

Қазақстанда жоғары технологиялық нарыққа сіңіскен, сауатты отандық мамандарға сұраныс артып отыр. ІТ және АКТ мамандарының қажеттігі дүниежүзі экономикасының, сонымен қатар өмірдің маңызды салалары цифрлық технологияларға көшкенімен түсіндіріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білікті IT мамандарды дайындау туралы мақсаты коммуникациялық инфрақұрылым мен смарт құрылғылардың танымал флагманы Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының даму стратегиясына сай келеді.

Қазақстанның жоғары санатты мамандарын дайындау мақсатында Huawei компаниясы елде компанияның бағдарламалық әзірлемелері мен инновациялық технологияларына негізделген АКТ мамандықтары бойынша оқитын студенттерді теория және практика жағынан оқытуға бағытталған АКТ Академияларын ашты.

«Huawei компаниясы АКТ саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдауға, сонымен қатар осы саладағы мамандарды дайындауға және олардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен мән беру арқылы ерекшеленеді. Біз Қазақстанның университеттеріне өзекті технологиялар мен шешімдерді бөлісіп қана қоймай, біліміміз бен тәжірибемізді беруге, студенттерді оқытуға және сертификаттауға, соның нәтижесінде елдің цифрлық болашағының зияткерлік қауымдастығын құруға үлес қосуға дайынбыз», - деді бас директор аппаратының жетекшісі Фарида Төлеубаева.

Huawei АКТ академиясы – компанияның студенттерге ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында терең білім беруі үшін әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтасатын халықаралық білім беру саласындағы бағдарламасы. Бүгінде АКТ Академияларының 1500-ден астам оқу экожүйесі 82 елде ашылды. Олардан 125 000-нан астам жоғары білікті және сұранысқа ие мамандар түлеп шықты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп,  қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум аясында Huawei Қазақстандағы цифрлық білім деңгейін нығайту үшін АКТ академияларын жүйелі дамытуды жалғастырады. Қазір елімізде 25 Huawei АКТ академиясы табысты жұмыс істейді. Олардың түлектері жоғары технологиялар саласындағы танымал мамандарға айналды.

Huawei компаниясының білім беру жобасына еліміздегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана IT университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті және еліміздің басқа да жоғары оқу орындары қолдау көрсетті. Болашақта Қазақстандағы академиялар саны 50-ден асып, республика бойынша 5000 студентті қамтиды.

«ҚазҰУ таланттарды, соның ішінде IT саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Университет оқытушылары мен студенттері Huawei бөлімшелерінде тағылымдамадан, өндірістік және ғылыми тәжірибеден өте алады. Сонымен бірге олар Huawei компаниясының кейінгі техникалық әзірлемелері мен технологиялары туралы ақпаратын жедел алады. Huawei компаниясының халықаралық және ұлттық ақпараттық-коммуникациялық байқауларға қатысуы және олардың білімін тексеруі де үздік студенттерге қолдау береді және оларды ынталандырады», - деді ҚазҰУ ҰАО Басқарма мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректоры Фатима Жақыпова.

Оқу бағдарламасына IP технологиялар, жасанды интеллект, үлкен деректер, желілік қауіпсіздік, маршруттау, сымсыз желілер, деректерді сақтау жүйелері, бұлтта есептеу технологиялары және басқа да бірқатар технологиялық бағыттар бойынша курстар кіреді. Сонымен қатар АКТ академияларының қызметі біліктілікті арттыру мен мұғалімдерді Huawei компаниясының рұқсат етілген курстарын өткізу үшін оқытуды қамтиды.

«Мені Huawei академиясының студенті болуға оның ашылып жатқан мүмкіндіктері итермеледі. Мұнда ең дарынды студенттерге оқуды аяқтаған соң Huawei-де жұмысқа орналасу ұсынылады. Бұл - мансаптың маңызды бастамасы. Академияда біз ақпараттық коммуникациялық желілердің құрылысын және олардың заманауи стандарттарын, қорғаныс пен қауіпсіздікті зерттейміз. Мамандыққа қарай жасанды интеллект және бұлт технологиялары сияқты болашағы зор курстарды таңдауға болады», - дейді АЭжБУ АКТ академиясының студенті Сейдуалиев Кемаль.

Студенттер Huawei оқу курсын сәтті аяқтағаннан кейін халықаралық сертификат емтиханын тапсыра алады. Дүниежүзінде мойындалған сертификат жас мамандарға Қазақстанда да, шетелдік компанияларда да одан әрі жұмысқа орналасу үшін қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер береді.

Huawei қазақстандық АКТ индустриясында дарынды мамандарды ашуға және оқытуға жәрдемдесу үшін барлық қазақстандық университетпен, операторлармен және аралас салалар өкілдерімен ынтымақтасуға дайын.