Huawei Қазақстанда IT мамандарын дайындауға қалай үлес қосады

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Huawei Қазақстанда IT мамандарын дайындауға қалай үлес қосады

2023.08.02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сай 2025 жылға қарай Қазақстанда 100 мың IT маманы даярлануға тиіс. Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және отандық кадрларды қолдау қажеттілігі бүгінде отандық АКТ саласының жетекші өкілдерімен үндес. Президенттің дарынды мамандарды дайындау стратегиясының аясында Huawei Technologies Қазақстан бүкіл ел бойынша техникалық мамандықтар бойынша студенттерді оқыту үшін АКТ академияларының желісін дамытып жатыр. Сонымен қатар компанияның бұл әрекеті Huawei дамуының жаһандық бағытымен үндеседі: 2023 жылға қарай ақпараттық коммуникациялық индустрияда 700 мыңнан астам маман өседі.

Нұр-Сұлтанда өткен Ғылым және жоғары білім 2022: «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумы аясында Huawei Technologies Kazakhstan спикерлері осындай мәліметтер бөлісті. Шараны Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті және «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырды. Форумның мақсаты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды өндіріске енгізу әлеуетін біріктіру, сонымен қатар жоғары технологиялық қоғамды дамыту үшін білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру.

«Huawei білім беру мекемесі мен АКТ индустриясы арасындағы көпір қызметін атқарады. Біздің мақсатымыз – білім алшақтығын жою үшін академиялық ортамен жұмыс істеу. Біздің университеттердегі АКТ академиялары студенттерге халықаралық Huawei сертификатын алуға және болашақта жұмысқа орналасуға көмектесетін практика дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Біз дарынды студенттердің Қазақстанда қалуына және еліміздің IT-индустриясын одан әрі дамытуы үшін халықаралық білім мен тәжірибе алуына көмектесеміз», - деді Huawei Technologies Қазақстан бас директоры аппаратының жетекшісі Фарида Төлеубаева.

 

Қазақстан Республикасының 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсаты елден өте жоғары бәсекеге қабілетті талап етеді. Білімді қажет ететін экономика құру және адами капиталды қолдау қажеттілігі - бәсекеге қабілеттің, экономика жағынан өсудің және мемлекеттің тиімділігінің іргетасы. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сай, басқа ресурстармен салыстырғанда елдің ұзақ мерзімді экономикалық табысына ең көп үлес қосатын нәрсе - креатив және өнімді жұмыс күші.

Дамыған елдердің стратегиясының табысының негізгі факторы шетелдік білім мен мүмкіндіктерді пайдалану болды. Содан кейін дамушы өндірістерді жан-жақты зерттеу үшін әлемдік деңгейдегі оқу және ғылыми мекемелерді құру болды. Қазақстанда бұл тәжірибе «Huawei Technologies Kazakhstan» ұсынған АКТ саласындағы таланттарды қолдау және дамыту бойынша халықаралық бастамалар негізінде жүзеге асады. Бағдарламалар Huawei арқылы студенттерге  АКТ өнімдері мен технологияларына қол жеткізу, білім алу және оны сертификатпен нәтижелеу мүмкіндігін береді.

«Біз педагогикалық ұжымның интеллектуалдық әлеуетін жоғары бағалаймыз. Олардың күш-жігерімен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, өндіріс пен бизнес-процестерге жоғары технологияларды енгізу бөлігінде қосымша қаржы бөлініп жатыр. Бүгінде семинар аясында біз олардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру саласындағы әлеуетін көріп отырмыз», - деді Ғылым комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев.