Алматыда Huawei компаниясының журналисттерге арналған АКТ бойынша жыл сайынғы медиа-тренингі өтті

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Алматыда Huawei компаниясының журналисттерге арналған АКТ бойынша жыл сайынғы медиа-тренингі өтті

2023.09.06

                               

Алматыда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жетекші сарапшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің басын қосқан Huawei компаниясының жыл сайынғы медиа-тренингі өтті. Тренинг барысында Қазақстанның АКТ-нарығын дамыту, бұлтты технологиялардың жетістіктері, сымсыз байланыс мүмкіндіктері және АКТ инновациялық шешімдері сияқты индустрияның негізгі бағыттары қарастырылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен іс-шара журналистердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үрдістер мен сабақтас тақырыптар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды. АКТ секторы бүкіл әлемде экономика мен қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратындықтан, осы саладағы жақсы ақпараттандырылған журналистика қоғамның білім деңгейін арттыруда өте маңызды.

«Біз БАҚ қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы біздің көзқарасымызды анықтайтын стратегиялық маңызды құжат «Ақпараттық доктрина» қабылданды. Және осы құжаттағы маңызды мәселелердің бірі - БАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру», - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы. — «Осындай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген Huawei компаниясына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл біздің әріптестеріміз үшін өте маңызды және біз әріптестеріміздің салалық журналистиканы дамытуына мүдделіміз. Бізге салалық кәсіби журналистер: экономист журналистер, энергетик журналистер, денсаулық сақтау, жасанды интеллект, АКТ, Big Data және т.б. туралы жазатын журналистер жетіспейді. Біз Ақпарат комитеті ретінде әрдайым осындай іс-шараларды қолдаймыз».

                               

Іс-шарада инфокоммуникация саласындағы танымал сарапшылардың презентациялары ұсынылды, интерактивті семинарлар мен практикалық сессиялар өткізілді. Медиа-тренинг АКТ мүмкіндіктерін терең түсінуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, технологиялық репортаж саласындағы ең жақсы жағдайларды талқылай алатын ынтымақтастық атмосферасын құруға ықпал етті.

«Ақпараттың көптігі мен қарқынды технологиялық жетістіктермен ерекшеленетін дәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бұрынғыдан да маңызды. Мен бұл тренинг Huawei компаниясының бастамасымен мүмкін болғанын хабарлауға қуаныштымын. Технологиялар мен инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын Huawei компаниясы сонымен қатар бүкіл әлем бойынша медиа сауаттылықты ілгерілетуде де алғы шепте. Бүгінде біз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз, өйткені бұл бастама Қазақстанда алғаш рет енгізілуде. Бұл елдің ақпараттандырылған және техникалық білімді журналистік қоғамдастықты қалыптастыруға бейілділігін білдіреді», - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Бас директорының орынбасары Сью Хай.

                              

Тренингтің ең қызықты тақырыптарының бірі Қазақстанның АКТ саласын дамытудың заманауи үрдістерін терең зерттеу болды. Қатысушылар MOST Holding компаниясының тең құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Павел Коктышевтің презентациясынан жоғары технологиялардың отандық нарығы және АКТ-стартаптардың даму динамикасы туралы толығырақ түсінік алды. Сарапшы Қазақстанның IT-нарығы туралы өзінің ойларымен бөлісіп, Алматының креативті экономика орталығы және бүкіл Орталық Азия өңірінің IT-хабына айналып келе жатқанын атап өтті.

Сымсыз байланыс индустриясы тақырыбы да журналистердің назарын аударды. Huawei Technologies Kazakhstan сарапшысы Дмитрий Конарев сөйлеген сөзі барсында сымсыз индустрияның соңғы трендтерін таныстырып, олардың ультра кең жолақты қосылуды қамтамасыз ету және цифрлық трансформацияны ынталандыру мүмкіндіктерін ашты. Іс-шараға қатысушылар сымсыз ландшафт, соның ішінде 5G саласындағы әзірлемелер туралы, Заттар интернеті және олардың өмірдің маңызды салаларына әсері туралы жан-жақты түсінік алды.

Аталмыш медиа-тренингтің жетістігі Huawei компаниясының біліммен алмасуға жәрдемдесуге және озық технологиялар туралы қолжетімді ақпаратты ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Журналистердің АКТ саласы туралы хабардарлығын арттыру және оларды соңғы тенденциялар мен технологиялармен таныстыру арқылы Huawei ақпараттандырылған және өзара байланысты қоғам құруға бар күшін салады.