Барлық жерде интернет – Қазақстанда кең жолақты байланысты дамыту болжамы
Қазақстанның цифрлық хаб ретінде дамуын талдау, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту үшін нормативтік-құқықтық ортаны жетілдіру, осы қызметтер нарығында бәсекені дамыту бойынша шаралар қабылдау және кежолақты байланысты дамытудың ұлттық жоспарын іске асырудың басқа да маңызды бағыттары «Цифрлық Қазақстанға қарай» халықаралық форумында таныстырылды.
Шараны Huawei Technologies Kazakhstan және ADT компанияларының қолдауымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды. Бұл форумның мақсаты – АКТ саласының мақсаттарына жету жолын бірлесіп анықтау және Қазақстанның цифрлық экономикасының дамуын жеделдету.
IDC халықаралық зерттеу және консалтингтік ұйымы дайындаған тәуелсіз зерттеуге сай, қалалық жерлерде 28% және ауылдық жерлерде 18% үйдегі тіркелген кең жолақты байланыс құрылымында талшықты қосылымдар үлесіне тиесілі. Айтарлықтай үлесті DSL технологиялары, тиісінше, ауылдық жерлерде және қалаларда 37% және 35% алады. Құжатты дайындаудағы зерттеу жұмысын Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы қолдады. IDC зерттеуінің толық нәтижесін мына жерден оқи аласыз.
Елдегі инфрақұрылымды және кең жолақты интернет қызметін жаңғырту - білімге негізделген ақпараттық экономиканың ажырамас элементі. Сонымен қатар ол халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және түбегейлі жаңа қызметтерді ашуға ықпал ететін фактор ретінде үкіметтің назарында. Кең жолақты желінің жедел енуіғ жоғары деңгейдегі шаралар елдің бәсекеге қабілетін және тұрақты өсу ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы 2011 жылы «Интернет қолжетімді болуы - адамның ажырамас құқығы екенін мойындады. Біздің мақсатымыз – елдегі цифрлық теңсіздікті жою. Біздің индустрия Қазақстанның цифрлық трансформациясының алдыңғы қатарында және біз жеделдетілген цифрлық қайта құрылымдау, барлық салада жаңа цифрлық бизнес модельдерін құру қажет екенін толық білуіміз керек. Бірақ цифрлық экономиканың жаһандық мәселелерін шешу үш тараптың: реттеуші органдардың, телекоммуникация операторларының және байланыс қызметтерінің кейінгі пайдаланушыларының тығыз ынтымақтастығы арқылы ғана мүмкін болады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат.
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 6459 елді мекен бар. Оның ішінде 118 қала және 5214 ауылдық елді мекен бар, олар ADSL, FttN, 3G және 4G технологияларын пайдалана отырып, кең жолақты интернетке қол жеткізу қызметтерімен қамтамасыз етілген. Қазақстандықтарды 250-ден астам тұрғыны бар барлық елді мекендерде интернетке кең жолақты қол жеткізу қызметімен қамтамасыз ету үшін мемлекет «250+» бағдарламасын әзірледі. 2020 жылдың аяғына дейін 5332 елді мекен мобильді кең жолақты қатынау қызметтерімен қамтылды. Бұл ел тұрғындарының 99,3%-ын кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазір 2021 жылы бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына сай, байланыс саласына ең маңызды мақсат қойылған: азаматтарды 100% жоғары сапалы интернетпен және 95% үй кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету.
«Қазір цифрлық экономика қарқын алып келеді. Бірқатар тәуелсіз эконометрикалық зерттеуге сай, кең жолақты интернетке қосылу ЖІӨ өсімін 1,3%-ға арттыруы мүмкін. Жоғары жылдамдықты интернет, бұлт технологиялары және смарт шешімдер озық мүмкіндіктерінің арқасында көптеген салада серпіліс болады.
Мысалы, бүгінде «ақылды шешімдер» нарығы 30%-ға өсті, бұл экономиканың барлық секторының цифрлық трансформациясы үшін негіз бола алады. Ультра кең жолақты қолжетімділік шешімдерінің әлемдегі жетекші провайдері ретінде Huawei өркендеген салалық экожүйені құру және жоғары технологиялық әлемді құруды жеделдету үшін өзінің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын кеңейтуге дайын», - деді Huawei Eurasia компаниясының операторлық бизнес бөлімінің техникалық директоры Ма Сяо.