«Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы белсенді жұмысы және отандық АКТ саласын дамытуға қосқан кәсіби үлесі үшін үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді
Кәсіпорынның жетекші қызметкерлері жоғары кәсіпқойлығы, компанияның дамуына сіңірген ерен еңбегі және табысты қызметі үшін марапаттарға ие болды.
Смарт шешімдер мен инфрақұрылымның жетекші провайдері ретінде Huawei дәстүрлі түрде әлемдегі ең күрделі жобаларды жүзеге асыратын кәсіби мамандардың тәжірибесін дамытуға қолдау көрсетуге және ынталандыруға назар аударады. Компания өз қызметкерлері үшін жоғары сапалы еңбек жағдайын, түрлі қолдау бағдарламасын, үздіксіз оқу және мансаптық өсу мүмкіндіктерін жасайды.
«Huawei – алға өршіл мақсаттар қойып, оларға бірге қол жеткізетін пікірлес адамдар командасы. Бүгінде АКТ саласы барынша серпінді дамып келе жатқаны, жағдай жасау және цифрландыруға көшкені нағыз кәсіпқойлардың арқасында ғана мүмкін болып отыр. Біздің командада технологияның, бизнестің және қоғамның жаңа дәуірін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын шынымен дарынды және жаңашыл адамдар бар», – деді құттықтау сөзінде Huawei Technologies бас директоры Чжао Сюй мырза.
Huawei қызметкерлерінің жоғары кәсіби белсенділігі компанияның дамуы мен жетілуіне ықпал етеді, сонымен бірге Қазақстанда және жаһандық деңгейде жоғары технологиялық өнімдерді жасау мүмкіндігін кеңейтеді.