5 есе жақсы: Huawei 5G On Silk Road форумында желілер туралы айтты

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

5 есе жақсы: Huawei 5G On Silk Road форумында желілер туралы айтты

2023.08.02

2020-2022 жылдары 5G желісін дүниежүзінде қолдану 55%, ал оларды пайдаланушылар саны 245% өсті. Бұл туралы Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының жетекші сарапшылары Digital Bridge 2022 халықаралық форумы аясында өткен 5G On Silk Road шағын форумында бөлісті.

Шағын форумның негізгі тақырыптары байланыс секторын цифрлық трансформациялаудың ең өзекті мәселелерін, Қазақстанда 5G инфрақұрылымын құру мүмкіндіктерін және өнеркәсіпте және басқа да секторларда 5G желісін пайдалану сценарийлерін әзірлеуді талқылау болды.

Іс-шараны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана қаласы әкімдігінің және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шараның стратегиялық серіктесі - Huawei Technologies Kazakhstan. GSMA қауымдастығы шараның өндірістік серіктесі ретінде қатысты.

2022 жылы бесінші буын байланыс желілеріне қосылу саны 1 миллиардқа жетеді, ал 2025 жылға қарай олардың саны 2 миллиардқа дейін артады, деп болжайды GSMA ұялы байланыс операторлары қауымдастығының сарапшылары. Жылдамырақ жүктеу/жүктеп алу, төмен кідіріс және ұлғайтылған сыйымдылық 5G операторларына жоғары сапалы кең жолақты байланысты қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз цифрлық теңсіздікті жою кезінде халық пен аумақты заманауи байланыс қызметтерімен барынша қамтуға мүмкіндік береді.

«Жаһандық экономикаға 5G желілерін енгізуден түсетін үлес 2030 жылға қарай шамамен 960 миллиард доллар болады деп болжанды. Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бесінші буын желілерін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2023-2025 жылдарға қарай желілер облыс орталықтарында да іске қосылады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация жөніндегі комитет төрағасы Ержан Мейрамов.

Қазақстанда бесінші буын желісін кеңінен енгізу адамдарды қауіпті аймақтардан шығаруға, қауіпсіздік шараларын арттыруға және жасанды интеллект технологияларын, заттардың өнеркәсіптік интернетін, үлкен деректер мен бұлт есептеулерін енгізуді жеделдетеді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған «Цифрлық Жібек жолын» жаңғырту бағыты республика бойынша жоғары жылдамдықты және қауіпсіз интернетке қол жеткізуді және жоғары сапалы ұялы байланыспен қамтуды қамтамасыз етеді. Ұялы және тіркелген желілердің конвергенциясы негізінде жаңа қызметтерді енгізу еліміздің Еуразия құрлығында жетекші ойыншы болуына мүмкіндік береді.

Іс-шарада ұсынылған Huawei компаниясының 5GtoB экожүйелері Қазақстанда түрлі сценарийге икемді бейімделе алатын интеллектуалды өндіріс шешімдерін жасауға мүмкіндік береді. Осы экожүйелердегі 5G желісі - өндірісті тиімді және интеллектуалды басқару үшін кең жолақты, тар жолақты және кері байланысты басқаруды пайдаланатын жаңа ақпараттық инфрақұрылымды құрудың бастапқы нүктесі.

«5G технологиялық мүмкіндіктерді бес есе арттыруды қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмысқа салынатын ұзақ мерзімді инвестициялар сияқты олар да әрқашан еселеп қайтады. Huawei - мұндай инвестицияның тамаша үлгісі. Біз Қазақстандағы АКТ хабына қатыса бастадық және біз өзіміздің техникалық ынтымақтастығымыздың дамуына жан-жақты жәрдемдесеміз. Біздің компания бұл бастамаларды дамытуға өте мүдделі», - деді Huawei Wireless Solutions Line вице-президенті Чен Чуанфэй.

Huawei қазірдің өзінде республикалық ауқымдағы бірнеше цифрлық жобаларға қатысып жатыр: «Цифрлық Қазақстан», «Қауіпсіз қала», «Smart home» және тағы басқа. Компания Қазақстанның АКТ саласына қызмет көрсетеді және 4G және 5G технологияларын енгізу арқылы елдің ақпараттық жүйесін дамытуға белсенді қатысады.