Бізге бірнеше планета қажет. Huawei сарапшысы IT болашағы туралы айтты

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Бізге бірнеше планета қажет. Huawei сарапшысы IT болашағы туралы айтты

2023.11.16

12 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 IT-форумы өтті, оның басты тақырыбы жасанды интеллект пен адамның өзара іс-қимылы болды. Форум аясында «Smart city: инновация, жасанды интеллект және қауіпсіздік» панельдік сессиясы өтті. Сарапшылар «Ақылды қалалардың» даму келешегін талқылады.

Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы атқарушы сарапшы-кеңесшісі Сафдер Назир қазіргі заманғы қалаларды дамытуда бағдар болатын маңызды идеялармен бөлісті.

Назир мырза қозғаған аспектілердің бірі smart немесе «ақылды» ұғымы және оның уақыт өте келе қалай дамып жатқандығы туралы болды.

«Smart – бұл біздің тәжірибеміз бен контекстімізге байланысты салыстырмалы термин. Жаңа технологияларды алдыңғы технологиялармен салыстырған кезде, егер олар айтарлықтай жетілдіруді білдірсе, оларды «ақылды» деп атаймыз. Бұл технологияның даму динамикасын көрсетеді. Бірақ біз бұл ретте тұрақты даму туралы айта аламыз ба?».

Спикердің айтуынша, технология мен Жер халқының қарқынды өсуіне байланысты тұрақты даму мәселесінің маңызы күн санап артуда.

«Қазір Жер халқы үшін 1,8 планетаның баламасы қажет, бірақ бізде тек біреу ғана бар. Бүгінгі таңда біздің қазіргі әрекеттерімізді ескере отырып, тұрақтылыққа кепілдік бере алмаймыз. Біз экожүйеге теріс әсер етіп жатқан із қалдырып жатырмыз. Ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту қажет».

Тұрақты дамуға «ақылды қалалар» ерекше үлес қоса алады, себебі мұнда технологиялар өмір сүру деңгейін және қалалық ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолданылады.

«Қалалар үнемі дамып келеді және «ақылды қалалар» ұғымы да ұзақ жолдан өтті. Алдымен цифрлық қалалар пайда болды, кейінірек олар «ақылды» қалаға айналды. Бүгінгі таңда технологиялар «когнитивті қалаларға» қарай жылжуда. Мұндай қаланың мысалы ретінде соңғы технологиялық трендтер жүзеге асырылатын Сауд Арабиясындағы NEOM жобасын атауға болады. «Когнитивті қалалар» – бұл физикалық әлем цифрландырылған және деректермен байытылған күрделі жүйелер. Бұл мақсатқа жету үшін мықты цифрлық инфрақұрылымдар, 4G және 5G желілері, деректер орталықтары және бұлтты шешімдер қажет». Когнитивті қалаларды» құрудың маңызды элементтері бергіштер мен заттар интернеті (IoT) болып табылады, олар жасанды интеллект арқылы қалаларда не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Сарапшы АІ маңызды функциясын атап өтті:

«Жасанды интеллект «когнитивті қалаларда» өнімдер мен қызметтерді жасау үшін деректерді талдауға көмектеседі. Қаланы тиімді басқару үшін заттар интернеті (IoT) негізінде жұмыс істейтін географиялық ақпараттық жүйелер мен ғимараттарды басқару жүйелері қолданылады. Заттар интернетімен қатар, мұндай қалада бес сезім мүшелері іске қосылған. Ақпаратты жинауда талдау үшін деректерді бұлттық қоймаларға жіберетін видеолар мен бергіштердің рөлі ерекше. Жасанды интеллект бұл деректерді өңдейді де, оларды практикалық ақпаратқа айналдырады. Мұның бәрі бірлесе келе қалалар мен елдерді жақсы басқаруға көмектесетін цифрлық шынайылықты жасайды», – деді Сафдер Назир.

Спикер болашақта «ақылды қалалардың» тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторларын белгіледі.

«Негізгі факторлардың бірі - өзара байланыстылық. Болашақта біз жылдамдық пен жасанды интеллект дағдылары маңызды болатын 10G желілеріне ауысуымыз мүмкін. Келесі аспект - ұлттық деректердің егемендігі. Қазіргі әлемде деректер шешуші рөл атқарады және олардың сақталуы маңызды. Қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз ету үшін олар тәуелсіз боп қалуы және сол елде болуы керек.»

Назир сонымен қатар Huawei компаниясының «ақылды қалаларды» дамытуға қосқан үлесі туралы айтты. Компания ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетекші өндірушілері мен жеткізушілерінің бірі болып табылады.

«Huawei зерттеулерді белсенді түрде қаржыландырады: ғылыми-зерттеу жұмыстарына жылына 20 миллиард доллар жұмсалады. Біздің қызметкерлердің 20 пайыздан астамы әзірлемелер саласында маманданған. Бұл компанияға технологиялық өзгерістер мен олардың мүмкіндіктері туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Біздің ұйым ақылды шешімдерді әзірлеу және енгізу үшін бүкіл әлемдегі үкіметтермен және қалалармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Біз технологиялар мен тұрақтылық саласында ақпаратпен қамтамасыз етеміз және кеңес береміз. Компания қала тұрғындарының өмірін жақсарту үшін стратегиялар жасауға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі».

Спикер сонымен қатар қалаларды ақылды жүйелерге сәтті түрлендіру үшін экологиялық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті:

«Бүгінгі желілер мен деректер орталықтары энергияны көп пайдаланады, бұл өз кезегінде қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Көміртегі ізін азайту үшін компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға және экологиялық таза технологияларды енгізуге ұмтылуы керек. Осы мәселемен күресу мақсатында Huawei энергияны тұтынуды азайтуға бағытталған The Net Zero Campus жобасын іске қосты. Оқытуға да ерекше назар аудару керек: бізде жас ұрпаққа жасыл әдеттерді сіңіретін халықаралық тренинг бағдарламасы бар.»

Қорытындылай келе, Назир «ақылды қалалар» болашаққа деген перспективалық көзқарас екенін айтты. Ол Digital Bridge форумы сияқты іс-шаралар тұрақты дамуға маңызды үлес қосатынын атап өтті:

«Қазақстан дұрыс бағытта жылжып келеді және Huawei компаниясы бұл қозғалысқа қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз».

«Ақылды қалалар» жай ғана сәнді термин емес. Бұл біздің қалаларымызды тұрақты, қауіпсіз және өмір сүруге ыңғайлы етудің нақты мүмкіндігі. Huawei сияқты компаниялар бұл әлеуетті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.