Цифрлық даму министрлігі мен HUAWEI өзара түсіну туралы меморандумға қол қойды

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Цифрлық даму министрлігі мен HUAWEI өзара түсіну туралы меморандумға қол қойды

2023.08.14

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы цифрлық технологиялар, бизнес және IT-ға арналған Digital Bridge халықаралық форумы аясында Қазақстанда цифрлық хаб құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты - қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды нығайту бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру, елдегі басым салаларға инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу, сонымен қатар отандық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілетін арттыру.

Меморандумдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - Қазақстанда АКТ инфрақұрылымын дамытуға озық цифрлық шешімді енгізу, кең жолақты интернетті, мобильді интернетті және елде 5G желісін дамыту жобалары бойынша жұмыс істеу. Сонымен қатар меморандумда инновациялы технологияларды пайдаланып, ғылыми зерттеулер жүргізу, консультатив түрде қолдау, сонымен қатар тәжірибе алмасу және сала мамандарының цифрлық дағдысын жетілдіру қарастырылған.

Меморандумға сай министрлік Huawei Technologies Kazakhstan компаниясымен бірге Digital Hub аясында АКТ саласындағы таланттарды дамыту мүмкіндігін де кеңейтеді. Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту мақсатында тараптар Huawei тәжірибесі мен ресурстарын пайдалана отырып, білім беру іс-шараларын, оның ішінде АКТ сауаттылығын арттыру бойынша оқыту курстарын, семинарлар мен форумдарды өткізеді. Сонымен бірге Меморандумда Еуразиядағы АКТ талант орталығын қалыптастыру үшін жақын өңірлерден дарындыларды тарту саласындағы үкімет саясатын ілгерілету қамтылған.

«Қазақстанның аса маңызды салаларында цифрлық технологияларды қолдану ауқымы кеңейіп келеді. Huawei елдің цифрлық экономикасын жан-жақты дамыту жобасын қолдауға және жүзеге асыруды қамтамасыз етуге толық дайын. Қалалық және ауылшаруашылық нысандарына цифрландыру мен жоғары технологияларды енгізу, зерттеу бойынша консультациялық қызмет көрсету және қолданыстағы АКТ инфрақұрылымын пайдалану саласындағы ынтымақтастығымыз халыққа көрсетілетін цифрлық қызметтерді жақсартады», - деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй.

Бұл меморандум қазақстандық цифрлық экожүйе жоғары әрі жылдам қосылуына, тұрақты бұлт қызметі бар тетіктерінің жұмысын жақсартуға және жұмыспен қамтуды арттыру үшін біріктірілген өнеркәсіптік тізбектерді құруға ықпал етеді.  Бұл саладағы ынтымақтастық экономикалық өсуге, бизнестің халықаралық бәсекеге қабілетін және адами капитал деңгейін арттыруға, елдің ішкі және сыртқы нарығын сапалы түрде нығайтуға мүмкіндік береді.