Ғылым және жоғары білім министрлігі Huawei компаниясымен бірлесіп, АКТ саласындағы таланттарды тәрбиелейді
Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2022 халықаралық форумы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Қазақстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат көпжақты ғылыми-зерттеу және академиялық серіктестік үшін жағдай жасауға, цифрлық теңсіздікті жою үшін білім беру саласына цифрлық инновацияларды енгізуге және цифрлық сауат пен әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін қазақстандық АКТ таланттар экожүйесін құруға бағытталған.
«Бүгін біз үш ай бойы дайындалып жатқан Huawei жаһандық компаниясымен ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойдық. Біз жылдам өзгерістер мен трансформация жағдайында жоғары білімді дамытудың икемді шешімін іздейміз. Бүгінде ең оңай әрі тиімді шешім – цифрландыру. Бүгінгі атқарып жатқан ісіміз – жоғары білім беру жүйесін реформалау және экономикамыз үшін білікті кадрлар даярлаудағы маңызды қадам», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Меморандумға сай, тараптар ғылыми-тәжірибені және дағдыларды алмасады, білім беру саласында бірлескен іс-шаралар жүргізеді және Қазақстанда жоғары білікті жас кадрларды даярлау үшін жағдай жасайды.
«Бұл - біз үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан үлкен жауапкершілік және жоғары сенімнің белгісі. Huawei Technologies Kazakhstan Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істейді. Осы уақытта біз елде 14 АКТ академиясын аштық. Біздің міндетіміз студенттерге халықаралық Huawei сертификатын алу мүмкіндігін беру ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші компанияларда одан әрі жұмысқа орналасу үшін қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер беретін практика дағдыларын меңгеруі», - деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй.
Меморандумға сәйкес студенттер АКТ саласында оқу және сертификаттаудан өтіп, арнайы ұйымдастырылған білім сайыстарына қатысып, жұмысқа орналасуға көмек ала алады. Мұғалімдер де оқу үдерісіне, Huawei ұйымдастыратын біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл меморандум мына салалардағы ынтымақтастыққа мүмкіндіктер ашады:
● Қазақстанның жетекші жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында АКТ академияларын дамыту және кеңейту, оның шеңберінде Қазақстанның 5000-нан астам студенті акпараттық коммуникациялық технологиялар саласында заманауи білім алады;
● АКТ мамандарының білімін арттыру үшін Huawei Certified Academy нұсқаушыларын оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;
● Тиісті курстарды аяқтаған студенттер үшін Huawei компаниясын онлайн тестілеу квоталарымен қамтамасыз ету және халықаралық деңгейде танылған Huawei сертификаттарын беру;
● АКТ дарындылар экожүйесін дамыту үшін сертификатталған студенттерге жыл сайынғы бос орын жәрмеңкесі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
● Білім беруді цифрландыру, әлемдік тәжірибені зерделеу және жас кадрларды теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіруге жәрдемдесу.