Huawei Қазақстанға 5G желіcінің серпінді технологияларын ұсынды

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

Huawei Қазақстанға 5G желіcінің серпінді технологияларын ұсынды

2023.08.02

Huawei Technologies сарапшылары 10 Гб/с пайдаланушы тәжірибесі, толық стектік жасанды интеллект және жақсартылған энергия тиімділігін 5G технологиясының негізгі атрибуттары ретінде елордада өткен цифрлық технологиялар, бизнес және IТ-ға арналған Digital Bridge 2022 халықаралық форумында таныстырды.

Форумның басты мақсаты – технология көшбасшыларының бірігуі және тәжірибе алмасуы, Еуразия аймағында цифрлық идеяларды ілгерілету, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мемлекет, бизнес және қоғамның өзара әрекеттесуінің жаңа тәсілдерін дамыту.

АКТ-ның әлемнің жетекші өндірушілерінің бірі Huawei Technologies Kazakhstan шара аясындағы көрмеде жаңа қызметтер мен пайдалану жағдайын ұсына отырып, 5G технологиясының кеңейтілген, виртуалды және аралас шындық сияқты салалардағы (AR, VR, MR), өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығындағы инновациялы шешімдерін ұсынды.

GMI зерттеу компаниясының есебіне сай, жаңа технологиялардың 5G-мен өсіп келе жатқан интеграциясы әлем нарығын 2030 жылға қарай 80 миллиард долларға дейін арттырады. Бұл көрсеткішке жету 5G-дің түрлі қызмет пен функцияға пайдаланылуы арқасында мүмкін. Сонымен қатар ол экономиканың барлық секторында цифрлық трансформацияның негізі ретінде қызмет ететін бірыңғай цифрлық платформаға айналып отыр.

«Біздің басты идеямыз – бесінші буын желілерінің мүмкіндіктерін жасанды интеллектпен және бұлт шешімдерімен біріктіру. Өйткені бұл - цифрлық технологиялардың табысты дамуының кепілі, өз кезегінде экономиканың дамуының кепілі. 5G желілерін дамыту үшін жеткізушілер ұсына алатын техникалық шешімдер өте маңызды. Біз 97-99% максималды жоғары энергия тиімділігі бар ортақтастырылған шешімдерді ұсынамыз», - деді Huawei-дің сымсыз технологиялар бойынша жетекші сарапшысы Дмитрий Конарев.

Мысал ретінде  көрме қатысушылары Huawei компаниясының ғаламдық АКТ тәжірибесін пайдалана отырып,  5G стратегиялары мен қиындықтарын, салалардағы инновациялық желі мүмкіндіктерін және Қазақстанның цифрлық болашағының перспективасын талқылады. Отандық өнеркәсіпке 5G-ді кеңінен енгізу мемлекеттік, корпоративтік және қоғамдық секторларда цифрландырудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Жаңа коммуникациялық стандарттың технологиялары дәстүрлі салаларды түрлендіре отырып, өндірістік процестердің экономикалық тиімділігінің деңгейін арттырып, тікелей және жанама шығынды айтарлықтай азайтады.

Huawei стендінде ұсынылған AR/VR технологиялары келушілердің ерекше назарын аударды. 5G желілері жоғары жылдамдықты деректерді беруді ғана емес, сонымен қатар 360 градус бейнеге мүмкіндік ашу арқылы ойын ойнауды өзгертеді. Виртуалды шындық құрылғыларының қолдану аясы айтарлықтай кең екенін атап өткен жөн. AR/VR технологияларын білім беру, өнеркәсіп, медицина және басқа салаларда қолдануға болады.

Елде 5G желілерін кеңінен таратуға және қамтуға қол жеткізу ауқымды жұмысты және серіктестермен бірлесуді талап етеді. Huawei өмір сүру сапасын жақсарту және цифрлық теңсіздікті жою үшін технологиялардың мүмкіндігін дамытуды, іргелі зерттеулерге инвестиция салуды және экожүйелерді біріктіруді жалғастырып жатыр.