Қазақстандық студенттер әлемнің үздік IT-командаларымен бәсекеге түседі

Қазақстандық студенттер әлемнің үздік IT-командаларымен бәсекеге түседі

2023.09.06

                             

3 қыркүйекте Дохада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) мен зияткерлік құрылғыларды әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшы – Huawei компаниясының Seeds for the Future 2023 – инновациялық білім беру бағдарламасының ашылу салтанаты өтті.

Seeds for the Future бағдарламасы жас мамандар тәжірибе алмасатын, жаңа байланыстар орнататын, сондай-ақ АКТ саласының трендтері туралы білетін платформа болып табылады. 15 жыл ішінде бағдарлама әлемнің 139 елінен 15 мыңнан астам талантты студенттердің басын қосты.

2023 жылы Катар астанасында Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 15 елінен студенттер тоғысты. Қазақстан атынан еліміздің жетекші университеттерінен 14 студент қатысады. Апта бойы қатысушы елдердің командалары АКТ саласындағы жобаларды әзірлеу бойынша жұмыс істейтін болады. Сараптамалық комиссияның бағалауынан кейін үздік жеті команда Дубайда (БАӘ) өтетін жарыстың екінші турына жолдама алады.

                               

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Акатов құттықтау сөз сөйледі:

«Технология, өнеркәсіп және білім беру арасындағы ынтымақтастықтың табысты болашақты құруда маңызы күн санап артып келеді. Seeds For the Future бағдарламасы сияқты бастамалар ақпараттық технологиялар саласындағы кадрлық базаны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бағдарлама студенттерге озық технологиялармен танысуға және жаһандық перспективаны көруге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе ұсынады. Huawei сияқты индустриалды көшбасшылармен серіктестік жас мамандардың әлемдік инновациялар қауымдастығына интеграциялануына ықпал етеді.

Мен Seeds For the Future бағдарламасының біздің жастарымызды қалыптастыруға бағытталған әлеуетіне таңдандым. Осындай бастамалар арқылы біз бір-бірімен тығыз байланысқан жарқын болашаққа қадам баса аламыз», - деп түйіндеді ол.

Артур Кривцов небәрі 23 жаста, десе де, ол өзінің алғашқы стартапына инвестиция тартып үлгерді. Қазақстан-Британ техникалық университетінің магистранты алған білімдерін өзінің кәсіби қызметінде қолдануды жоспарлап отыр:

«Huawei білім беру бағдарламасы 5G немесе жасанды интеллект сияқты менің қызметіме қажетті бағыттарды қамтиды. Менің стартапым онлайн-дүкендер мен маркетплейстерге арналған ыңғайлы шешімдерді жасауға маманданған. Технологияны пайдаланудағы жинақталған тәжірибе маған оларды өз өнімдеріме интеграциялауға және бейімдеуге мүмкіндік береді».

                                 

Кемаль Сейдалиев бағдарламаға екінші жыл қатарынан қатысып келеді. Алматы экономика және байланыс университетінің студенті «Seeds for the Future 2022» бағдарламасында үздік атанған команданың мүшесі болды:

«Seeds for the Future-ге мен біздің университетте белсенді жұмыс істейтін Huawei Academy-де білім алуымның арқасында келдім. Қатысу үшін ағылшын тілін жетік білу, жоғары академиялық нәтижелер және өзіне деген сенімділік қажет. Бұл шарттар мені өз күшімді сынап көруге итермеледі. Сонымен қатар, мен Huawei қауымдастығының мүшесі болдым, сондықтан алдағы уақытта әр түрлі бастамаларға тұрақты түрде қосыла аламын».

Huawei компаниясының білім беру жобалары қазіргі заманмен қадамын қатар басатын жас мамандарды дамытуға бағытталған миссиясын жалғастыруда. Олардың жаһандық ауқымы мен көп қырлы тәсілдері қатысушыларға өз дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар әлемдік IT қауымдастығында берік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл болашақта Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ақпараттық технологиялардың ахуалын өзгерте алатын маңызды инвестиция.