Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз
Huawei операторларға сервистерді, желілерді және есептеу ресурстарын біріктіру арқылы токендерді монетизациялауға көмектеседі

[Шанхай, Қытай, 2026 жылғы 24 маусым] MWC Shanghai 2026 көрмесінде Huawei байттар мен токендер көлемінің қатар өсуін қамтамасыз ететін, сервистерді, желілерді және есептеу ресурстарын біріктіретін ең жаңа инновацияларын таныстырды. Бұл шешімдер телекоммуникация саласына қарқынды дамып келе жатқан AI модельдері мен агенттері ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады. «Жаппай интеллектуалдандыруды жеделдету» ұранымен компания жаһандық байланыс операторларымен, салалық серіктестермен және негізгі пікір көшбасшыларымен бірге кеңейтілген байланыс мүмкіндіктерін, есептеу ресурстарын, 5G-A жоғары жылдамдықты деректерді беруді, пайдаланушылық тәжірибені монетизациялауды, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде бизнесті жаңғырту бағыттарын бірлесіп зерделеуді мақсат етеді.
MWC Shanghai 2026 көрмесінде Huawei директорлар кеңесі төрағасының орынбасары әрі ротациялық төрағасы Дэвид Ван жасанды интеллект мобильді желілерді қалай өзгертетіні және саланың алдағы онжылдықтағы дамуына қалай жол ашатыны туралы негізгі баяндамамен сөз сөйледі.
Соңғы қырық жыл ішінде мобильді технологиялардың бір буыннан келесі буынға ауысуы саланың табысты дамуының басты қозғаушы күшіне айналды. «Әрбір жаңа буынмен бірге біз спектрлік тиімділік пен өнімділіктің шекарасын кеңейтіп отырдық, – деді Ван. – Желі архитектурасы біртіндеп оңтайландырылып, барлық жерде жаңа қолдану сценарийлері мен сервистер пайда болды. Бұл байланыс мүмкіндіктерін тұрақты түрде кеңейтіп, операторларға желі әлеуетін коммерциялық пайдаға айналдыруға мүмкіндік берді».
«Мобильді байланыс интеллектуалды технологиялар дәуіріне қадам басқан кезде, саланың келесі онжылдықтағы дамуын айқындайтын алты негізгі фактор бар». Оларға мыналар жатады:
● Болашақ мобильді байланыс жүйелеріне арналған жаңа сервистер мен мүмкіндіктерді әзірлеу.
● ЖИ-ды мобильді байланыспен біріктіріп, интеллектінің үш деңгейін қалыптастыру.
● Біріктірілген жерүсті-спутниктік байланысқа арналған желілік архитектураны әзірлеу.
● Спектрді орнықты әрі болашаққа бағдарланған жоспарлау мен бөлуді ілгерілету.
● ЖИ үшін бастапқыдан әзірленген тірек желілердің техникалық спецификацияларын нақты айқындау.
● Мобильді сервистердің жаңа бизнес-модельдері мен қолданылу сценарийлерін зерттеу.
Іс-шара барысында Huawei бірқатар инновациялық шешімдерді таныстырды. Сервистер бағыты бойынша компания Қытайдың үш ірі байланыс операторымен бірлесіп 5G-A high uplink, пайдаланушылық тәжірибені монетизациялау, AI негізінде бизнесті трансформациялау және токендерді монетизациялау салаларындағы технологиялық әрі бизнес-шешімдерді ұсынды. Инфрақұрылым бағытында Huawei AI-centric target network – ЖИ-ға бағдарланған мақсатты желіні таныстырды. Бұл шешім операторларға трафикті де, токендерді де монетизациялау бағытындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы архитектура аясында негізгі коммуникациялық желі тек трафикті жеткізуге бағытталған модельден нақты уақыт режиміндегі өзара әрекеттесуге арналған желіге көшеді. Бұл пайдаланушыларға қосылудың кепілдендірілген сапасын қамтамасыз етеді. Ол үшін uplink және downlink бағыттарындағы жоғары жылдамдық мүмкіндіктері, сондай-ақ желі сапасын кепілдендіру технологиялары пайдаланылады. Өз кезегінде есептеу желісі қарапайым трафикті тасымалдаудан бүкіл желі көлемінде есептеу ресурстарын бөлу мен ұсынуға көшеді. Басқаша айтқанда, желі есептеулерге бейімделіп жобаланады, ал желіге қосылу іс жүзінде есептеу қуаттарына қол жеткізуді білдіреді. Сонымен қатар ЖИ есептеу инфрақұрылымы жоғары өнімділікке, тиімділікке, open source шешімдерін және ашық экожүйелерді қолдауға басымдық береді.
Қазіргі уақытта әлем бойынша 5G-A пайдаланушыларының саны 100 миллионнан асты. Huawei жаһандық операторлармен бірлесіп 5G-A желілерінде пайдаланушылық тәжірибені монетизациялау бағытында жұмыс жүргізіп, 5G-A технологиясын қолданыстағы абоненттік базамен жұмыстың маңызды құрамдас бөлігіне айналдыруды көздейді. Бұл модель операторларға орта және жоғары табысты абоненттерді сақтап қалуға, бір пайдаланушыдан түсетін орташа табысты (ARPU) арттыруға және тұрақты өсім көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Деректерді жоғары жылдамдықпен жіберу токендерді монетизациялау дәуіріндегі байланыс операторлары желілік инфрақұрылымының негізгі мүмкіндіктерінің біріне айналып отыр. Mobile AI үшін деректерді жіберу жылдамдығына қойылатын талаптар барған сайын артып келеді. Бүгінде ЖИ көзілдіріктерін мультимодальды өзара әрекеттесу арқылы нақты уақыт режимінде аударма жасауға және көрме экспонаттарын тамашалауға пайдалануға болады. Мұндай сценарийлер деректерді беру жылдамдығының 20 Мбит/с-қа дейін болуын талап етеді. Биыл әлемнің жетекші байланыс операторлары жоғары жылдамдықты деректерді беру қызметтерін коммерциялық негізде енгізу мүмкіндіктерін белсенді түрде зерттеп жатыр. Бұл үшін ең жоғары жылдамдықты, ең төменгі кідірісті және тұрақты деректерді беру жылдамдығын қамтамасыз ететін түрлі технологиялар қолданылуда.
ЖИ агенттері саласының қарқынды дамуы токендерге негізделген сервистердің тез өсуіне алып келеді деп күтілуде. Мұндай сервистер жоғары жылдамдықты деректерді беруді, жоғары сенімділікті және төмен кідірісті қамтамасыз ететін аса кең жолақты желілерді талап етеді. 6 ГГц-тен жоғары диапазон (U6 ГГц) осындай желілер үшін келесі буынның «алтын диапазоны» болып саналады және бүкіл салалық экожүйе оны енгізуге дайын. Жаһандық ынтымақтастық тұрғысынан 20-дан астам ел мен өңір U6 ГГц диапазонын Халықаралық мобильді байланысқа (IMT) арнайы бөліп, әлем халқының шамамен 80%-ын қамтып отыр. 2026 жылы, U6 ГГц коммерциялық қолданысқа енгізілетін кезеңде, Таяу Шығыста U6 ГГц диапазонында жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы коммерциялық 5G-A желісі іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ Қытайдың Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарындағы бірқатар операторлар U6 ГГц диапазонын коммерциялық пайдалануды бастайды.
Huawei 2026 жылы да байланыс операторларымен ынтымақтастықты жалғастырып, ЖИ көмегімен B2C және B2H сервистерін жаңғыртып, тартымды ұсыныстар қалыптастыратынын мәлімдеді. Алдағы уақытта бұл ақылды үй көмекшілері, жеке коммуникациялық көмекшілер және біріктірілген тұрмыстық сервистер сияқты бағыттарда токендерді тұтынудың артуына ықпал етеді. B2B нарығында компания операторлармен бірлесіп есептеу ресурстары мен желілерді біріктіруге негізделген AI есептеу сервистерін ұсынып, бизнестің өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашуды жоспарлап отыр.
Huawei автономды желілерде жасанды интеллект технологияларын инновациялық қолдану бойынша көшбасшылықты сақтауды көздейді және 4-деңгейдегі автономды желілердің негізін құрайтын мамандандырылған интеллектіні дамыту бағытында жұмыс жүргізуде. Биыл компания байланыс операторларымен бірлесіп сымсыз және көліктік желілерді қоса алғанда, негізгі өңірлерде мамандандырылған интеллектіні енгізеді. Желілерге қызмет көрсету, оларды оңтайландыру, энергия тиімділігі және пайдаланушылық тәжірибе бағыттарындағы синергия операторларға желілердің сапасы мен тиімділігін қатар арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары жылдамдықты теміржолдар, ірі іс-шаралар өткізілетін алаңдар және кампустар сияқты әртүрлі қолдану сценарийлеріне арналған сараланған өнімдерді ұсынуға жағдай жасап, желілердің одан әрі дамуын жеделдетеді.
MWC Shanghai 2026 көрмесі 24-26 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Көрме барысында Huawei өзінің ең жаңа өнімдері мен шешімдерін Шанхай жаңа халықаралық көрме орталығының (SNIEC) N1 павильонында таныстырады.
АКТ индустриясы токендерді монетизациялау дәуіріне қарқынды қадам басып келеді. Huawei жаһандық байланыс операторларымен және серіктестерімен бірлесіп 5G-A high uplink монетизациясын, пайдаланушылық тәжірибені монетизациялауды, сондай-ақ байланыс пен есептеу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ЖИ негізінде бизнесті жаңғырту бағыттарын зерттеуде. Біз бірлесіп токендерді монетизациялау ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланамыз.
Қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады: https://carrier.huawei.com/minisite/mwcs2026/en/