Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

5G-A Experience Monetization форумы терминалдар, желі және бизнес арасындағы синергияны жеделдетуге арналған негізгі нәтижелерді ұсынды

[Шанхай, Қытай, 2026 жылғы 25 маусым] MWC Shanghai 2026 аясында Шанхай қаласында өткен «5G-A пайдаланушылық тәжірибесін монетизациялау: терминал, желі және бизнес синергиясы» салалық форумы өз жұмысын аяқтады. Форумға CAICT, GSMA, China Mobile, Huawei, 3GPP, GSMA Intelligence ұйымдарының жетекшілері мен экожүйе серіктестері қатысып, 5G-A технологиясын коммерцияландыру, технологиялардың эволюциясы және экожүйелік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Форум барысында бірқатар маңызды нәтижелер таныстырылып, салалық консенсус нығайтылды және 5G-A технологиясын ауқымды енгізу мен келесі буын желілерін дамытуға негіз қаланды.

Жоғары жылдамдықты теміржолдар 5G-A технологиясына көшуде

GSMA, China Mobile және Huawei бірлесіп жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған 5G-A желісін жеделдету қызметін таныстырды. Бұл шешім пойыз жолаушыларына арналған мобильді байланыс қызметтерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Қызмет пакетін Қытайда коммерциялық іске қосу 2026 жылғы тамызға жоспарланған. Шешім «1+3+5» тұжырымдамасына негізделген:

●   Бірегей брендтік сәйкестендіру: UE Logo шешімі арқылы смартфон экранында көрсетілетін жоғары жылдамдықты теміржолдың динамикалық VIP логотипі.

●   Үш озық технология: жоғары өткізу қабілеті бар жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған жеке 5G желісі, жасанды интеллекттті қолдайтын негізгі желі және сымсыз әмбебап интеллектуалды сервистерді өңдеу блоктары.

Қызметтің бес негізгі қолданылу сценарийі: тікелей эфирлерді, бейнеконференцияларды, онлайн ойындарды, жасанды интеллект көмегімен қоңырау шалуды және жасанды интеллект негізіндегі кеңселік жұмысты үздіксіз қолдау.

Пайдаланушылық тәжірибеге бағдарланған операциялық қызметтің жаңа тәсілдері

Форумда салалық екі Ақ кітап таныстырылды:

●      UE Logo 2.0 Ақ кітабы: Қытай мобильді байланыс ғылыми-зерттеу институты мен Huawei компаниясы бірлесіп жариялаған бұл құжат терминалдар, желілер мен бизнес арасындағы синергияға, интеллектуалды талдауға, сценарийге негізделген өзара әрекеттесуге және дәл маркетингке арналған. Құжат пайдаланушымен өзара әрекеттесуді маркетингтің тұйық циклімен байланыстыратын кешенді сервистік құрылымды ұсынады. Бұл желі туралы хабардарлықты, қызметтердің қолжетімділігін және пайдаланушылық тәжірибеге бағдарланған операциялық қызметті қамтамасыз ететін жаңа парадигманы қалыптастырады.

●      Agentic Core Ақ кітабы: GSMA Intelligence жариялаған бұл құжат жасанды интеллект негізінде әзірленген интеллектуалды желі ядросының архитектурасын сипаттайды. Ұсынылған архитектура жоғары деңгейдегі пайдаланушылық тәжірибе, кеңейтілген сервистер, желілік мүмкіндіктердің ашықтығы және агенттер тарапынан қызмет көрсету сапасына кепілдік беру сияқты монетизацияның төрт негізгі мүмкіндігін ашады. Сонымен қатар ол агенттерге бағдарланған жаңа коммуникациялық сервистерді әзірлеуге және инновациялар мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Connection Agent таныстырылымы

Қытай мобильді байланыс ғылыми-зерттеу институты, Huawei компаниясы және GSMA Intelligence бірлесіп Connection Agent шешімін және China Mobile Bixing Agent Platform деп аталатын Intent Openness Gateway шлюзін таныстырды.

Масштабталатын модульдік архитектура негізінде құрылған бұл шлюз жасанды интеллект агенттері арасында үздіксіз үйлесімділікті қамтамасыз етіп, әрбір қосылған агентке арнайы желілік қызметтер ұсынады. Осылайша интеллектуалды байланыстың жаңа стандарты қалыптасады.

Аталған шешімнің іске қосылуы ережелерге негізделген дәстүрлі қызмет көрсету моделінен агенттік сервистерді оркестрлеуге көшудің басталғанын білдіреді және келесі буын интеллектуалды байланысына жол ашады. Қазіргі уақытта бұл шешім Қытайдың жекелеген өңірлерінде инновациялық сервистерді дамыту мақсатында енгізіліп үлгерді.

Салааралық ынтымақтастықты дамыту

Саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында форум барысында Терминалдар, желілер және индустрия арасындағы ынтымақтастық бастамасы ресми түрде іске қосылды. Бұл бастама технологиялық, бизнес және экожүйелік бағыттар бойынша үйлестірілген дамуға ықпал етеді.

●      Технологиялар: кең ауқымды үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін терминалдар экожүйесінің бейімделуін және стандарттарды сертификаттауды жеделдету.

●      Бизнес: жоғары құндылыққа ие қолдану сценарийлеріне басымдық беру және монетизацияның әртүрлі модельдерін зерделеу.

●   Экожүйе: әртүрлі салалардың серіктестерін біріктіріп, ортақ ресурстарға, бірлесіп дамытылатын мүмкіндіктерге, сондай-ақ тәуекелдер мен пайдаларды ортақ бөлісу қағидатына негізделген қауымдастық қалыптастыру.

Алдағы уақытта сала өкілдері Mobile AI технологияларын бірлесіп дамыту жұмыстарын жалғастырып, келесі буын цифрлық өнімділігінің негізін нығайта береді. Олар байланыс инфрақұрылымын барлық жерде қолжетімді интеллектуалды байланыс пен салааралық ынтымақтастыққа арналған зияткерлік платформаға айналдыруға ықпал етіп, мобильді жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктерді ашуды көздейді.

MWC Shanghai 2026 көрмесі 24-26 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Іс-шара барысында Huawei компаниясы өзінің ең жаңа өнімдері мен шешімдерін Шанхай жаңа халықаралық көрме орталығының (SNIEC) N1 павильонында таныстырады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы токендерді монетизациялау дәуіріне қарқынды қадам басып келеді. Huawei жаһандық байланыс операторларымен және серіктестерімен бірлесіп жоғары жылдамдықты uplink негізіндегі 5G-A желілерін монетизациялау, пайдаланушылық тәжірибені монетизациялау және байланыс пен есептеу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы бизнесті жасанды интеллект негізінде трансформациялау бағыттарын зерттеуде. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде компания токендерді монетизациялау дәуірі ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды мақсат етеді.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://carrier.huawei.com/minisite/mwcs2026/en/