Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз
Университеттерден индустрияға: Huawei Қазақстанның АКТ-нарығы үшін болашақ кадрларды қалай қалыптастырып жатыр

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы КБТУ, ҚазҰУ, АЭжБУ және ЕҰУ университеттерінде Talent Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке АКТ саласында мансап құруды жоспарлап жүрген жоғары курс студенттері, магистранттар және жас мамандарға арналды.
Talent Job Fair аясында Huawei engineering, IT, solution sales, product sales, account management бағыттары бойынша, сондай-ақ procurement, supply chain, HR және administrative support сияқты корпоративтік функциялар бойынша бос жұмыс орындары мен тағылымдамаларды ұсынды.
Huawei компаниясы ерте мансаптық бастауға ерекше назар аударады. Бітіруші курс студенттеріне оқу аяқталғаннан кейін штатқа өту мүмкіндігі бар тағылымдамалар ұсынылады. Ал магистранттар толыққанды позицияларға үміткер ретінде қарастырылып, оларға ұзақ бейімделу кезеңінсіз кәсіби ортаға енуге мүмкіндік беріледі.
Тәжірибе мұндай формат нақты нәтиже беретінін көрсетіп отыр. Өткен жылы Huawei компаниясы жас мамандарды тарту және дамытуға байланысты шамамен 50 табысты мансаптық кейсті жүзеге асырды. Бұл компания үшін Қазақстан университеттерімен жұмыс істеу бүгіннің өзінде ертеңгі технологиялық нарыққа кадрлық резерв қалыптастырып отырғанының дәлелі.
«Бүгінде қазақстандық студенттер АКТ саласында жұмыс істеу үшін өте жоғары әлеует көрсетіп отыр. Олар тез үйренеді, заманауи технологияларды жақсы меңгереді және қай бағытта дамығысы келетінін барған сайын нақты түсініп келеді. Біз олардың бойынан тек жоғары академиялық әлеуетті ғана емес, сонымен қатар нақты жұмыс үдерістеріне қосылуға, жауапкершілік алуға және индустриямен бірге өсуге дайындықты көреміз. Сондықтан Huawei үшін университеттермен тікелей диалог орнатып, тағылымдамалар, мансаптық бағдарламалар және Talent Job Fair сияқты бастамалар арқылы мамандыққа кіру мүмкіндіктерін кеңейту аса маңызды», — деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясуй.
Talent Job Fair Huawei компаниясының университеттер мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жұмысының жалғасы болып табылады. Компания бұл бағытты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген AI-SANA бағдарламасына қатысу арқылы да жүйелі түрде дамытып келеді. Атап айтқанда, Huawei Қазақстандағы 45 университетті қамтыды, олар компанияның жасанды интеллект бойынша курстарын белсенді қолдануда. Курстар студенттерге қазақ тілінде қолжетімді — жасанды интеллект бойынша үш курс толық аударылып, бейімделген. Huawei деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта бұл курстар бойынша 227 261 студент білім алуда, оның ішінде 205 116 студент оқуды сәтті аяқтаған. Осылайша, Huawei студенттерді қолдау, заманауи дағдыларды дамыту және елдің цифрлық экономикасы үшін кадрлық әлеует қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.