Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Құпиялық саясатымызбен танысыңыз

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

First Deputy Prime Minister_1


Қазақстандық делегацияның Қытайға жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шэньчжэнь қаласындағы Huawei компаниясының штаб-пәтеріне барды.

Кездесу барысында қазақстандық делегация Huawei компаниясының мемлекеттік қызметтер, көлік, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, кен өндіру саласы, қаржы, өндіріс және цифрлық энергетика сияқты түрлі салаларға арналған инновациялық шешімдерімен танысты.

First Deputy Prime Minister_3


Сапардың маңызды бөлігі Роман Склярдың Huawei Technologies вице-президенті Ли Цзюньфэнмен, Huawei Kazakhstan бас директоры Сун Ясю
ймен және Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Сью Хаймен кездесуі болды. Келіссөздер барысында Huawei компаниясының Қазақстанда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстары жан-жақты талқыланды.

«Біз Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытуда зор әлеует барын көріп отырмыз және оның цифрлық трансформациясына өз үлесімізді қосуға ниеттіміз. Huawei компаниясы тек алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялық шешімдерді ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде жинақталған мол тәжірибесін ұсынуға дайын. Біз стратегиялық әріптестігіміз Қазақстанның «ақылды қоғам» құру, цифрлық экономиканы дамыту және азаматтардың өмір сапасын арттыру жөніндегі өршіл мақсаттарына жетуіне ықпал етеді деп сенеміз», — деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Сун Ясюй.

First Deputy Prime Minister_2


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік білдірді.